Об утверждении Правил благоустройства, санитарной очистки территорий, содержания и защиты зеленых насаждений в Карабалыкском районе Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарабалық ауданында көріктендіру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күту және қорғау Ережелерін бекіту туралы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қарабалық ауданында көріктендіру, аумақтарды санитарлық тазалау, жасыл желектерді күту және қорғау Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қарабалық ауданында көріктендіру, аумақты санитарлық тазалау, жасыл желектерді күту және қорғау Ережелері
Мәслихатының 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 99 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Қарабалық ауданында көріктендіру, аумақты санитарлық тазалау, жасыл желектерді күту және қорғау Ережелері
Тармақ 1
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3, 300, 387-бабына, Қазақстан Республикасы «Нормативтік құқық актілер туралы» Заңының 3-бабына, Қазақстан Республикасы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес жетілдірілді. Қарабалык ауданында инфрақұрылым объектілерін күту және қорғау, аумақты санитарлық тазалау, көріктендіру саласында жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігін белгілейтін және қатынастарды реттейтін ережелер.
Тарау 1. 1-тарау. Осы Ережелерде пайдаланып отырған жалпы ұғымдар мен анықтамалар
1-тарау. Осы Ережелерде пайдаланып отырған жалпы ұғымдар мен анықтамалар
Тармақ 1
1. Көріктендіру - аудан аумағында адамның ыңғайлы, жайлы және қауіпсіздік тіршілік қарекетін қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстардың кешені. Берілген жұмыстар кешені объектілерін және көріктендіру элементтерін ұйымдастыру, күту, пайдалану, жөндеу және күзетуін мынадай жалпы бағыттары бойынша қарастырады:
Тармақша 1
1) инженерлік көріктендіру;
Тармақша 2
2) сыртқы-эстетикалық көріктендіру;
Тармақша 3
3) санитарлық көріктендіру;
Тармақша 4
4) көғаландыру.
Тармақ 2
2. Аула ішіндегі аумақтар - шағын сәулет нысандар орнату, бала, киім-кешек бөлмелер, контейнерлік алаңдар, автокөліктің тұрақтары, сәндік орын-жайлар, үйге өтпе жолдар, аулаға кіре беріс үшін пайдаланатын жерлер.
Тармақ 3
3. Бөліп берілген аумақ - меншікке жер пайдаланушыға берілген жер телімі немесе оның меншігінде болған объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, құрылымдарды) орналастыру үшін жергілікті орындау органның шешіміне сәйкес жер пайдалану.
Тармақ 4
4. Бекітілген аумақ - бөліп берілген аумаққа тартылатын, қызмет көрсету үшін пайдаланған немесе қорғау зона болатын жер телімі.
Тармақ 5
5. Жер пайдаланушы - меншіктің мақсаты мен нысанына қарамастан, жер телімдерін пайдаланып жүрген заңды немесе жеке тұлға.
Тармақ 6
6. Жалпы пайдалану орны - демалыс зонасы (саябақтар, жағажайлар шағын бақтар), алаңдар, көліктің тоқтайтын орындары және т.с.с.
Тармақ 7
7. Жасыл желектер - арнайы бөліп берілген телімдер мен аудандық аумақ алабында (бақтар, саябақтар, бульварлар, көше көгаландыру, гүлзарлар, көғалдар) орналасқан ағаштар, бұталар, шөпті дақылдар.
Тармақ 8
8. Инженерлік желілер мен орын-жайлар - селолар мен кенттердің кәсіпорындардың мұқтаждық еткен тұрғындарына кешендік қызмет көрсету үшін аудандық елді мекендердің аумақтарынан жер бетіндегі суларды жинау және бұрып жіберу үшін селолар мен кенттер инженерлік көріктендірудің маңызды элементтері.
Тармақ 9
9. Шағын сәулет нысандары - салыстырғанда көлемі бойынша үлкен сәндік және пайдакүнемдік объектілер:
Тармақша 1
1) сәндік орын-жайлар - мүсіндер, субұрқақтар және сәндік су айдындар, стелалар, оймабедерлер, гүлдерге арналған құмыралар, тутұғырлар және тағы басқалар;
Тармақша 2
2) пайдакүнемдік орын-жайлар - сәкілер, павильондар, киоскілер, сауда арбалары, орындықтар, қоқыс жәшіктері, көшелердің, үйлердің және жарнамалардың кестелері, пошта жәшіктері және тағы басқалар.
Тармақ 10
10. Ғимарат - салмақ түсетін және қоршайтын конструкциядан тұратын, міндетті түрде жер үстіндегі тұйық ортаны құрайтын, функционалдық міндеттеріне байланысты адамдардың тұру және болу, өндірістік процестерін орындау, сонымен бірге материалдық құндылықтарды орналастыру және сақтау үшін пайдаланған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер астындағы бөлігі болуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Орын-жай - табиғи немесе жаранды кеңістік шекаралары бар және өндірістік процестер орындау, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтау немесе адамдар мен жүктер уақытша орналасу (орнын ауыстыру), сонымен бірге жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыру (салу, өткізу) үшін арналған жасанды жасалған көлемді, жазықтық немесе сызықтық (жер үстіндегі, су үстіндегі және (немесе) жер астындағы, су астындагы) объектісі. Сонымен бірге құрылыс көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық маңызды болуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Жапқыш (қалқа) - тасымалдау сусымалы жүктерді жолға тастау, қоқыстау, шаңдатуын алдынан алу үшін арнайы құрылғы (кенеп мата).
Тармақ 13
13. Құрылыс салынбаған аумақ - жалпы жобалау үлгілерді пайдалануды шектейтін, жер астындағы мен жер үстіндегі құрылыс салатын барлық түрлері жоқ аумақ.
Тармақ 14
14. Көше - жолдар, жаяу жолдар, жасыл желектер, жер астындағы және жер үстіндегі инженерлік желілері орналасқан аумақ.
Тармақ 15
15. Қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі - ҚТҚ) - тұтынудың тұрмыстық қалдықтар.
Тармақ 16
16. Ірі көлемді қалдық (бұдан әрі - ІКҚ) - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, қолданыстағы және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.).
Тармақ 17
17. Жөн-жосықсыз төгілетін үйінділері - заңды немесе жеке тұлғалардың қызметі барысында пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды, ІКҚ, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстарды, өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе ою.
Тарау 2. 2-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 18
18. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, меншік түріне және ұйым-құқық түріне қарамастан, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар және азаматтар көріктендіру ережелерін сақтау, селолар мен кенттердің аумағында тиісті тазалығы мен тәртіпті қамтамасыз етуді, көріктендіру элементтерді (жолдарды, жаяужолдарды, көгалдарды, шағын сәулет нысандарды, жарықтандыруды, субұруларды) зақым келтіруге және бұзуға қол бермеу міндетті. Ведомстволық бағынуына қарамастан, мемлекеттік, қоғамдық және жеке кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, сонымен қатар жеке үй иеліктерінің иелері тұрмыстық қоқыстарды жоқ қылу үшін уақытында келісім жасасу, сонымен қатар сәулет және санитарлық талаптарына сәйкес заңымен белгіленген тәртібімен оларға тіркелген аумақтарды тазалығы мен тәртіпке өз есебінен күту мен жүйелі жинау қажет, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, өнеркәсіп және сауда ғимараттар, вокзалдар, зираттар, сонымен қатар бақтар, саябақтар, саяжолдар және жасыл желектер өсетін басқа орындар;
Тармақша 2
2) көшелер, алаңдар, өтпелер, аулалар, жаяужолдар, демалатын зоналар, рыноктар мен оларға қосылған аумақтар, автомотокөліктің тұрақтары;
Тармақша 3
3) дуалдар, қоршаулар, көгалдар, жарнаманың барлық түрлері мен жарнамалық қондырғылар, ғимараттар мен ескерткішті сәнді көмескі жарықтандыру, маңдайша жазу, көрме, жаймалар, жолаушылық көліктің аялдамаларда отырғызатын алаңы мен павильондар, көшені жарықтандыратын шамдар, әр түрлі тірек бағаналар, бақтарда, саябақтарда, бульварларда орындықтар, урналар, көшелер атауларының көрсеткіштері, көлік, жаяу жүрушілердің аялдамасы, үйлердің номерлі белгілер, трансформаторлық қондырғылар;
Тармақша 4
4) аула аумақтарын тазалықта сақтау. Оларды жинау, уақытында сыпыру, суару, белгіленген орынға қар мен қоқысты шығару;
Тармақша 5
5) жасыл желектерді құнттап сақтау, агротехникалық шаралардың толық жиынтығын өткізу, кепкен бұталарды суару, кесу, ою, ағаштың діңгегін тазарту мен ақтау, жас өскінді жою, жер тыңайту, жас ағаштардың топырағын айнала қопсытып қазу, жарақат жерлерді залалсыздандыру мен сылап тастау, қуыстарды бітеу, сонымен катар арамшөптерді (жусан, қарасора) жою бойынша механикалық өңдеу;
Тармақша 6
6) табиғи-климатикалық жағдайына байланысты сәуір - мамырда әр жыл сайын аумақты тазалау айлығы өткізіледі.
Тармақ 19
19. Әр меншік субъектімен аумақты тазалау өткізіледі: ұзынынан - ғимарат аумағының ұзынына бойы, көлденеңінен - ғимараттан жол төсеміне дейін. Жол төсемді, көшені, қоғамдық автокөлік жүру көше қиылыстарды, алаңдарды, саябақтарды жинау белгіленген тәртібіне сәйкес кәсіпорындармен орындалады.
Тармақ 20
20. Санитарлық, гигиеналық және экологиялық талаптарына сай емес, қоршаған ортаның ластауын туғызатын, сондай-ақ автокөліктер мен басқа да механикалық құралдарды селолар мен кенттер аумағына шығаруға және пайдалануға рұксат етпеу.
Тармақ 21
21. Тұрғын үй құрылысына қарсы орналасқан автобус аялдамалары мен такси тұрақтарының аумағын тазалау, осы аумақтарды тазалау үшін бекітілген тиісті коммуналдық қызметтерге, кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, жалға алушыларға және құрылыс салушыларға жүктеледі.
Тармақ 22
22. Қоғамдық орындар мен құрылыс салынбаған аумақтар санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес тазартылады.
Тармақ 23
23. Санитарлық-эпидемиялогиялық қызметінің мекемелерімен келісілген және қоқыстардың жоюымен айналысатын, ұйымдардың арасында шарт-кестелер бойынша аумақты жоспарлы-жүйелі тазалау өткізу тиісті.
Тармақ 24
24. Әкімшілік және өндіріс ғимараттарының, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, көріністік мекемелердің қасында, тұрмыстық құрылыс салу аумағында автомобиль көлігі тұрағының орындары жабдықталуы қажет. Көгалдар мен басқа да жасыл желектер орындарында, тұрғын үйлердің жалпы пайдаланатын жерлерінде, дүкендердің, дәріханалардың, рыноктардың, қызметтік ғимараттардың маңында көлік құралдарға кіру және тұруына рұқсат етілмейді.
Тармақ 25
25. Автокөлік құралдарын жалпы пайдаланатын жерлерде, су айыратын колонкалардың, өзендер мен су қоймаларының жағажайларында, су қорғаушы жолақтарың, адамдардың жаппай демалатын орындарда, тұрғын үйлердің кіре беріс қасында жуу мен жөндеуге рұқсат етілмейді.
Тарау 3. 3-тарау. Қарабалық ауданының селолар мен кенттерінің аумақтарында шағын сәулет нысандарын орнату және күтіп ұстау тәртібі
3-тарау. Қарабалық ауданының селолар мен кенттерінің аумақтарында шағын сәулет нысандарын орнату және күтіп ұстау тәртібі
Тармақ 26
26. Сыртқы көріктендірудің барлық элементтері, соның ішінде, ғимараттардың қасбеттерін өңдеу селолары мен кенттерінің аумағына құрылыс салудың тәртібін анықтайтын ережелерге сай орындалуы қажет. Сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының қасбеттері.
Тармақ 27
27. Селолар мен кенттер аумағында шағын сәулеттік нысандарды орнатуға және құруға сәйкес аудандық қызметтердің келісімінен кейін ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 28
28. Барлық шағын сәулеттік нысандар оңды жағдайда ұсталуы тиіс.
Тармақ 29
29. Тұрғын үй, қызметтік, өндірістік және әкімшілік ғимараттар мен құрылыстардың иелері көшелердің көрсеткіштері мен нөмірлік белгілерін оңды жағдайда күтіп ұстауы қажет.
Тармақ 30
30. Меншіктің барлық нысандарындағы заңды тұлғалардың ғимаратқа кіре берісінде мемлекеттік және орыс тілдерінде заңды тұлғаның атауы болуы және олардың тиісті жағдайын қамтамасыз етуі қажет.
Тарау 4. 4-тарау. Инженерлік желілер, құрылыстар және коммуникацияларды күтіп үстау тәртібі
4-тарау. Инженерлік желілер, құрылыстар және коммуникацияларды күтіп үстау тәртібі
Тармақ 31
31. Қарамағында инженерлік коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар селолар мен кенттер көркіне нұқсан келтіруі мүмкін, инженерлік желілер мен құрылыстардың техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыруы қажет, нақты айтқанда:
Тармақша 1
1) аумақтың су басуын жібермеу;
Тармақша 2
2) бөлінген және қорғаланатын аймақтардың санитарлық жағдайын, сонымен люктардың қақпақтары, су құбырының желілері баулықтың жабдығымен үстіртте орналасуы тиіс, канализация жүйесі құдықтарының жапқыштары оңды жағдайда ұсталуы тиіс;
Тармақша 3
3) монтаждау, қайта төсеу және пайдалану ережесін сақтамау залалдарынан бұзылуы мүмкін, жер асты желілерінен үстіндегі қатты немесе грунттық жол төсемдерінің жағдайын қадағалауға;
Тармақша 4
4) газ құбырының жағдайын қадағалау, уақытылы оның сырлауын жүргізу.
Тармақ 32
32. Қатты жол төсемді аумақтарды қайта жөндеу немесе күрделі жөндеуін жүргізу, белгілерді, құдықтарды, люктерді, инженерлік желілерді талаптарга жеткізу норма жұмыстары тапсырушының есебінен өндіріледі.
Тармақ 33
33. Ғимараттар, орын-жайлар және жер асты коммуникациялары құрылысына техникалық құжаттарды әзірлегенде, жобалаушы ұйымдар құрылыс телімдеріндегі ағаштар мен бұталардың мүмкіндігінше көп сақталуын қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін әзірлеуі қажет.
Тарау 5. 5-тарау. Аумақты қысқы мерзімінде күтіп ұстау және тазалау
5-тарау. Аумақты қысқы мерзімінде күтіп ұстау және тазалау
Тармақ 34
34. Көшелерде және алаңдарда қарды жинау кәсіпорындармен, ұйымдармен және басқа шаруашылық субъектілерімен, оларға бекітілген аумақтарды жүргізеді. Өтпелер және өтпе жерлерді үйіп тастауға, көшеттерімен көгалдарға қар және мұзды салуға, жасыл желектер өсетін жерлерде, қар тазалайтын роторлык машиналармен көшелер, алаңдарды тазалауға, қарлы үймектерді жасауы жіберілмейді.
Тармақ 35
35. Шатырды қардан тазалау және карниздердегі, шатырлардағы және су ағатын құбырлардағы қар бұлтықтарын алуы, ауа желілері, шырақтары және жасыл желектерінің зақымдануын және жаяу жүрушілерімен қайғылы оқиғаны болмастыру үшін, міндетті түрде сақтық шараларын сақтауымен ғимараттар мен құрылыс иелері және жалға алушылардың күштері және құралдарымен жүйелі өткізілу қажет.
Тармақ 36
36. Шатырдан тасталған қар жедел тасып шығарылуы қажет.
Тармақ 37
37. Аяқ жолдар, саябақтағы орындықтар, урналар, басқа элементтер мен нысандары, сонымен қатар алдындағы және жан-жақтағы аумақ, оларға кіре беріс жерлер қар мен қызылсу мұздан тазартылуы қажет.
Тармақ 38
38. Көшелер, алаңдар, көпірлер, киылыстар, көтерілетін және төмен түсетін жолдарға механикаландырылған құм төгу коммуналдық-кәсіпорындарының мамандырылған қызметтерімен жоспарлы тәртіпте жүргізіледі.
Тармақ 39
39. Пәтер иелерінің кооперативтері, үй басқармалары, кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар және меншіктен басқа да нысандарындағы кәсіпорындар мен тұлғалар, жалгерлер коммуналдық шаруашылықтың арнайы техникасы бар мамандандырылған жаяу жолдарға, алаңдарға және басқа адамдар өтетін және жиналатын орындарға құм төсеуге шарт жасасуға немесе осы жұмыстарды өз күштерімен, қаражаттарымен жүргізуі қажет. Жер пайдаланушылар бөлінген және бекітілген аумақтарында тайғанаққа қарсы шараларды (мұз бен қарды ою, тайғанақ жерлерде инертті немесе ұқсас материалдар төгу) қарастыруы қажет.
Тарау 6. 6-тарау. Қарабалык ауданының селолары мен кенттерінің аумактарын жарықтандыру
6-тарау. Қарабалык ауданының селолары мен кенттерінің аумактарын жарықтандыру
Тармақ 40
40. Селолар мен кенттер аумағының жарықтандыруы сыртқы жарық қондырғылары арқылы қамтамасыз етіледі. Сыртқы жарық қондырғыларына жататындар:
Тармақша 1
1) электр жабдықтау қондырғылары қоректендіретін желілер, қоректендіру пункттері, тарататын желілер:
Тармақша 2
2) қорғау және жерге қосылған электр желілерінің қондырғылары:
Тармақша 3
3) басқару қондырғылары:
Тармақша 4
4) тіреуіштер, арқанды салпыншақтардың тіректері.
Тармақ 41
41. Тіректер, техникалық құжаттамаларына сәйкес көлік магистральдарының көлденелерінде жол желісіндегі көшелерде орналасқан.
Тармақ 42
42. Көшелер және жолдардың қиылысқан жерінде тіректерге сәйкес радиустарда жаяужолдың дөңгеленген жеріне дейін орналасады. Саяжол және жаяу жүрушілердің жолдарындағы тіректер жолдың жаяу жүруші жүрмейтін бөлігінде, яғни көгалдарда, ағаштардың қатарында орналасады.
Тармақ 43
43. Ғимарат жанында орналаскан тар жолдар, жаяужолдар мен алаңдар, ыңғайлы болса, ғимарат қабырғасына орналасқан шамшырақтар арқылы жарықтандырылады.
Тармақ 44
44. Сыртқы жарық түсіруді қондырғыларына және қызмет көрсету және күтіп ұстау мынадай шараларды қамтиды:
Тармақша 1
1) сыртқы жарық жарықтандыру құрылғыларын сан және сапа көрсеткіштері берілғен өлшемғе сәйкес, соның ішінде, шамшырақтар таратушыларының істен шыққандары мен шамдарын ауыстыру, шамшырақтарды тазалау, жарықтандырудың деңгейін өлшеу, техникалық оңды жағдайда ұстау;
Тармақша 2
2) жарықтандыру құрылғыларының атқарушы өкіметтің жергілікті органының шешімімен бекітілғен регламенттегі жұмыс режимін қамтамасыз ету, кесте бойынша шамшырақтарды, ақауларды табу және оларды шұғыл түрде жою.
Тармақ 45
45. Жарықтандыру құрылғыларының жағдайын және шамшырақтардың жану пайызын анықтау үшін екі жетіде бір бақылау тексерістері өткізіледі, жарықтандыру құрылғыларының жағдайы бойынша акт құрылады.
Тармақ 46
46. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларының металл тіректері, тіреуіштері және басқа да элементтері жабынының жағдайына байланысты кемінде үш жылда бір сырланады.
Тармақ 47
47. Витриналарды жарықтандыру үшін, әдетте, неондық шамдар алынады. Қосымша бағытталған жарық беру үшін қызуы қатты шамдар пайдаланады.
Тармақ 48
48. Жарқағаздарды, стендттерді, витриналарды жарықтандыруда жарық аспаптарын, жарықтанған беттен шағылысқан толассыз жарықтың айналымы құралымы қарап тұрған адамның көзіне түспейтіндей, орналастыру керек.
Тармақ 49
49. Жаяу адамның, жүргізушінің көзіне шамдардың тіке жарығы түспеуі үшін жарықтандыру аспаптарын қорғаушы бұрышын ескереді немесе арнайы экранды торлар орнатылады.
Тарау 7. 7-тарау. Аудан аумағындағы құрылыстарды бөлу және бұзу
7-тарау. Аудан аумағындағы құрылыстарды бөлу және бұзу
Тармақ 50
50. Аумақты көне және тозығы жеткен құрылыстардан тазарту жұмыстарына, қолданыстағы заңдармен сәйкес, осы тәртіптердің орындалуының заңдылығын заңды түрде қамтамасыз еткеннен кейін кіріседі.
Тармақ 51
51. Көрсетілғен жұмыстарды машина мен механизмдерді жұмылдырып, кәсіптілігіне сәйкес жұмысшылар атқарады.
Тармақ 52
52. Құрылысты бөлшектегеннен немесе бұзғаннан кейін құрылыс қалдықтары (қоқыстар) қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына тасып шығарылады, ол учаске қайта қопсытылады.
Тарау 8. 8-тарау. Жасыл желектерді күтін ұстау және қорғау тәртібі
8-тарау. Жасыл желектерді күтін ұстау және қорғау тәртібі
Тармақ 53
53. Жасыл желектер маңызды сауықтыру факторы және селолар мен кенттердің көркі болып табылады, оларды қорғау және күтіп ұстау – меншік нысанына қарамастан, әрбір кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның, әрбір азаматтың міндеті.
Тармақ 54
54. Қарабалык ауданының селолары мен кенттері заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан және тұлғалардың шаруашылық қызметінің нәтижесінде жасыл қорды мүмкіндігінше барынша сақтау Қарабалык ауданында көріктендірудің неғізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Тармақ 55
55. Кәсіпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалар (бұдан әрі - тапсырушы аталатын) құрылыс, жөндеу және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде қажет:
Тармақша 1
1) жасыл желектерді зақымданудан қоршауға алуға, жеке желектерді сынуынан немесе зақымдануынан қорғау үшін қораптарға салуға;
Тармақша 2
2) жолдарына, жаяу жолдарына, өткелдеріне, алаңдарына қатты материал төсеген және асфальттаған кезде жасыл желектердің айналасында оңтайлы ашық топырақты кеңістік құру мақсатында, мөлшері 1x1 метр қоршаумен шектелген, ағаш түбінен қуыс қалдыруға;
Тармақша 3
3) жасыл желектер орналасқан аймақтарда жолдарды, жаяужолдарды құрған және қайта құрған кезде тік белгілерді жоғарылатқанда немесе төмендеткенде 5 сантиметрден артық өзгертуге болмайды. Егер түпкі жүйені жаңалаштаудан басқа амал болмаған жағдайда, жобаларда жасыл желектің дұрыс осы жағдайын сақтауға арналған құрылғыларды ескеру керек;
Тармақша 4
4) салынып жатқан объектілерге кірме жолдарын тартқанда желектердің орындарын ескеріп, жасыл желектердің бар қоршауларын бұзбау керек.
Тармақ 56
56. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргізуге бөлінген учаскілерде жасыл желектерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда жас көшеттер шығарып тасталынды. Жасыл желектерді шығарып тасталғанда ескеріледі:
Тармақша 1
1) жасыл қор нысаналарының шаңнан қорғайтын, желден қорғайгын, газға тұрақтылық және фитонцидтік қасиеттері;
Тармақша 2
2) негізгі биоматериалдық көрсеткіштері - өсімдіктің биіктігін, олардың қабығының енін және қоюлығын;
Тармақша 3
3) Селолық және кенттік нысаналарының сәнділігіне және әсем ресімдеуіне әсерін;
Тармақша 4
4) осы аймақта сауықтыру әсерін.
Тармақ 57
57. Жұмысты жүргізгенде тапсырушы қажет:
Тармақша 1
1) жасыл желектерді шығарып тастауға, басқа жерге отырғызуға немесе кесуге рұқсат алуға. Рұқсатты жергілікті атқарушы органы мен өкілетті орган береді. Қарабалық ауданының селолары мен кенттері жасыл қоры жөніндегі комиссияның оң қорытындысы рұқсат беру үшін негіз болып табылады.
Тармақша 2
2) жасыл желектерді шығарып тастауды қайта отырғызуды немесе кесуді өз күшімен және қаражатымен жүргізуге немесе осы жұмыстар түрін жүргізуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдармен келісім-шарт жасасуға.
Тармақ 58
58. Жасыл желектерді шығарып рұқсат алған жағдайда тапсырушы жасыл желектерді бағалауға лицензиясы бар ұйымдармен келісім-шарт жасасады, ақша қаражаттарын (шығарылған жасыл желектердің құнын) жергілікті бюджетке аударады.
Тармақ 59
59. Жасыл желектердің аумағында жіберілмейді:
Тармақша i
I) құрылыс материалдарын, жер, көмір және басқа заттарды жинауға, көгалдарды, гүлдер егілген жерлерді, ағаш шұңқырларын ластауға;
Тармақша 2
2) көгалдарда жүруге, ағаштарды, желектерді сындыруга немесе кесуге, басқа да механикалық зақымдар келтіруге;
Тармақша 3
3) көшелерді, алаңдарды, жаяужолдарды тазалау мақсатында жасыл желектер үшін тұз және басқа зиянды заттар қолдануға;
Тармақша 4
4) гүлдерді жұлуға, жемістерді үзуге, мал бағуға, жер, құм өндіруге;
Тармақша 5
5) жасыл желектердің аумағын өнеркәсіптік және тұрмыстық лай сумен, қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтармен ластауға;
Тармақша 6
6) бақ мүліктерімен жабдықтарын (отырғыштарды, урналарды, шартақтарды, көгал торларын) бүлдіруге;
Тармақша 7
7) автомашиналармен, мотоциклдермен, велосипедтермен, басқа да көлік құралдарымен жүруге (арнайы көліктен басқа);
Тармақша 8
8) көгалдар мен тірі қашалардың маңында жолаушылар көлігінің аялдамасын орнатуға;
Тармақша 9
9) көгалда автокөлік құралдарын қоюға және торағын орнатуға;
Тармақша 10
10) от жағуға, өртке қарсы басқа да тәртіптерді бұзуға;
Тармақша ii
II) ағаштарға электр сымдарын, тікенек сымдарды, алтыбақандарды, киімдерді кептіру үшін жіп байлауға, жазулар жазуға;
Тармақша 12
12) агрономиялық белгіленген мерзімдерден тыс, сәйкес қызметтермен келісілген кесу тәртібін сақтамай ағаштардың басын кесуге;
Тармақша 13
13) ағаш және бұта көшеттерін өз еркімен кесуге;
Тармақша 14
14) өз бетімен қашалар орнатуға;
Тармақша 15
15) ойындар: футбол, волейбол, городки және басқа ойындар (бұл мақсат үшін арнайы бөлінген орыннан басқа) ұйымдастыруға;
Тармақша 16
16) жабайы және мәдени флораның гүлдерін жуашықтарымен және тамырларымен қазып алуға.
Тармақ 60
60. Жер пайдаланушыларға, оларға берілген аумақтарда жасыл желектерді өсіп-өндіруге және қорғауын қамтамасыз етуге қажетті.
Тарау 9. 9-тарау. Ауданның селолық және кентінің аумақтарында жер қазумен байланысты жер жұмыстарын жүргізу тәртібі
9-тарау. Ауданның селолық және кентінің аумақтарында жер қазумен байланысты жер жұмыстарын жүргізу тәртібі
Тармақ 61
61. Жер асты коммуникацияларын салумен байланысты жұмыстарды жоспарлы жүргізу барысында барлық заңды және жеке тұлғаларға қажетті:
Тармақша 1
1) ауданның аумағында жоспарлы жұмыстар туралы қызметтерге өз уақытылы ақпарат және өтініш беруге;
Тармақша 2
2) жер асты желілерін жөндеу уәкілетті органдардан жер жұмыстарын жүргізу құқығына рұқсат (ордер) алғаннан кейін ғана жүргізіледі;
Тармақша 3
3) ғимараттарды, орын-жайларды, коммуникацияларды қайта құру және жөндеу кезінде құрылыс нормаларының талаптары мен нысаналарды жинау жөніндегі тәртіптерді сақтау;
Тармақша 4
4) артық грунт пен құрылыс қоқыстарын өз уақытылы шығарып тастауын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) бұзылған жол төсемдері мен аула аумақтарын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды өз уақытылы жүргізу, құрылыс және жөндеу аяқталғаннан кейін қазба орындарын, сонымен қатар құрылыс алаңдарын тәртіпке келтіруде қажетті шараларды қабылдау.
Тармақ 62
62. Жер асты коммуникацияларының құрылғысымен және жөндеуімен байланысты жұмыстар жүргізілмейді:
Тармақша 1
1) қандайда бір жер үсті құрылысы мен орын-жайларын ауыстыру;
Тармақша 2
2) жол төсемдерін артық бұзу және жұмыстарды тиісті рұқсат жасауының жұмыс (ордерсіз) жүргізу;
Тармақша 3
3) жаяужолдарда, жолмен жүретін бөлігінде және көгалдарда тартып алынған грунты, құрылыс материалдары қалдықтарын, қоқысты қалдыруға, құдық қақпақтарын көміп тастауға;
Тармақша 4
4) жұмыстардың рұқсат қағазда (ордерде) көрсетілген мерзімдері мен шарттарын бұзуға.
Тарау 10. 10-тарау. Жер пайдаланушының міндеттері
10-тарау. Жер пайдаланушының міндеттері
Тармақ 63
63. Жер пайдаланушыларға қажет:
Тармақша 1
1) бөлінген және бекітілген аумақтарды, инженерлік желілер мен олардың элементтерін (құдықтар, люктер, торлар, бағаналар, сорғы, жылу пункттері, трансформаторлық шағын станциялар) санитарлық нормалармен белгіленетін тиісті санитарлық жағдайда ұстау;
Тармақша 2
2) қалдықтар жинау және сақтау үшін қатты жол төсемі бар арнайы жабдықталған алаңдардың болуы;
Тармақша 3
3) қалдықтарды жерлеу жөніндегі полигонға (қоқыс төгетін жер) өнеркәсіп қалдықтардың сұйық қалдықтарды шығарылуын және көмуін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) өз аумағында қажет болса дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізу (шыбындарды, тарақандарды, масаларды, тышқандар мен егеуқұйрықтарды жою үшін);
Тармақша 5
5) бөлінген аумақтың шегінен құрылыс қоқыстарының, топырақтың және лас машиналар мен құрылыс механизмдерінің елді мекендердің көшелерінде шығуына жол бермей, өздерінің құрылыс алаңдарына және қатты жол төсеміне басқа нысаналарына апаратын кірме жолдарының тиісті жағдайда ұсталуын қамтамасыз ету.
Тармақ 64
64. Жер пайдаланушыға мыналар жіберілмейді:
Тармақша 1
1) құрал-жабдықтарды, тарапы, шикізатты, құрылыс материалдарын аумақтан тыс жерге жинап қою;
Тармақша 2
2) от жағу, қоқысты, түскен жапырақтарды, шыбықтарды, өндіріс құдықтарын селолар және кент аумақтарында жағу;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаға зиян келтіретін тазалау әдістерін қолдану.
Тарау 11. 11-тарау. Ережені бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
11-тарау. Ережені бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
Тармақ 65
65. Осы Ережелердің талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртіп бұзушыны онымен келтірілген материалдық зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жою міндетінен босатпайды.