О наложении ограничительных мероприятий на Кенесский, Григорьевский и Чернорецкий сельские округа Қолданыста
Басқа 0
Кеңес, Григорьевка және Чернорецк ауылдық округтеріне шектеу іс –шараларын салу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кеңес, Григорьевка және Чернорецк ауылдық округтерінде ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салынсын.
Тармақ 2
2. Павлодар ауданының Кеңес, Григорьевка және Чернорецк ауылдық округтерінде ірі қара малдың сарып ауруының алдын – алу және жою жөніндегі 2008-2009 жылдарға арналған қоса беріліп отырған кешенді іс-шарасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитеті Павлодар аудандық аумақтық инспекциясының ветеринарлық бөлімі, Павлодар ауданының мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) ірі қара малдың сарып ауруының алдын алу жөнінде іс-шаралар жүргізсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 бұйрығымен бекітілген шектеулі іс-шаралары алынып тасталғанға дейін ветеринарлық - санитарлық және санитарлық – эпидемиологиялық тәртіптеріне сәйкес жануарлар мен адамдарға ортақ жұқпалы аурулармен (сарып) күресуге және алдын алуға қажетті шаралармен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю.И. Дубовицкийге жүктелсін.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
агроөнеркәсіптік кешеніндегі
мемлекеттік инспекциясы
комитеті Павлодар аудандық
аумақтық инспекциясының
бастығы
Қ. Абушахманов
2008 жылғы «15» қазан
Павлодар аудандық мемлекеттік
санитарлық – эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
Г. Шевелев
2008 жылғы «15» қазан