Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабының 1 тармағының 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, 2009 жылдың қаңтар-наурызда аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Б.Ошақбаев - келісімі бойынша) шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымшылдықпен және сапалы өткізу мақсатында мына төмендегі құрамда шақыру комиссиясы құрылсын: Ошақбаев Бақытжан Қаратайұлы - аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша) Темірбеков Аян Мырзахметұлы - аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Ештай Ғалымжан Жайлауханұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша); Орынбеков Жұмахан - аудандық орталық аурухананың дәрігері, дәрігер-медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша) Түкібай Сабира - аудандық орталық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша); аудандық шақыру комиссиясының жұмыс уақыты сағат 14.00-ден 18.00- ге дейін. Демалыс күндері сенбі, жексенбі болып бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауыл әкімдері және ұйымдардың басшылары 2008 жылдың 1 желтоқсанына дейін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуге жататын жастардың тізімін тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық медицина бірлестігі (Б.Жолшиев - келісімі бойынша).
Тармақша 1
1) Шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде азаматтардың әскери қызметке лайындық деңгейін анықтау үшін медициналық комиссиядан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын;
Тармақша 2
2) Комиссия жұмыстары біткенге дейін комиссиядағы дәрігерлер мен медбикелерді тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс уақытында, негізгі жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан босату ұсынылсын;
Тармақ 5
5. Аудандық білім бөлімі (Ж.Көлбай).
Тармақша 1
1) Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мектептердегі жастарды тіркеуді ұйымшылдықпен өткізуді қамтамасыз ету тапсырылсын;
Тармақша 2
2) Көрсетілген мерзімге тіркеуден өтетін жастардың тізімін, құжаттарын әскери комисариятқа жіберілуін мектеп директорларына тапсырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімі (Қ.Жандарбеков - келісімі бойынша).
Тармақша 1
1) Тергеу жұмыстарына және қылмыстық істерге тартылған 17 жасқа толатын азаматтардың тізімін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсыру ұсынылсын;
Тармақша 2
2) Әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуден жалтарып жүргендерді іздеу және әскерге шақыру учаскелеріне оларды жеткізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Б.Ошақбаев - келісімі бойынша)
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандықтар бойынша азаматтарды даярлау және жоғары әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын;
Тармақша 2
2) Азаматтарды дер кезінде тексерілуін және емделуін қамтамасыз ету мақсатында қажетті дәрі-дәрмекке және дәрігерлік құрал-жабдықтарға қаралған қаржыны қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақша 3
3) Тіркеу қортындылары туралы мәліметті аудан әкіміне 2009 жылдың 10 сәуіріне дейін тапсыру ұсынылсын;
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Асылбекке жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Ошақбаев Бақытжан Қаратайұлы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Жандарбеков Қажымұқан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Жолшиев Болат аудандық медициналық бірлестігінің бастығы