О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 533 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 5, 52-құжат): 1-тармақтағы "346" деген цифрлар "356" деген цифрлармен ауыстырылсын; аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымында: "Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі" деген жол алып тасталсын; "Кадр саясаты бөлімі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі"; мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығы Мемлекеттік хатшының хатшылығы Жалпы бөлім Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі";
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 12-13, 116-құжат): аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде: 21-тармақтың 6) тармақшасы "осы мақсаттарда, сондай-ақ Мемлекет басшысы қатысатын іс-шараларды дайындау мәселелері бойынша Әкімшілік Басшысы сонымен қатар Республиканың тиісті мемлекеттік органдарының басшыларын шақыра отырып, Әкімшіліктің басшы қызметкерлерімен апта сайынғы кеңестер өткізеді;" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.