Катонқарағай ауданының ветеринариялық-санитариялық Ережесін бекіту туралы
ҚАЗКатонқарағай ауданының ветеринариялық-санитариялық Ережесін бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Катонқарағай ауданының ветеринариялық-санитариялық Ережесін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Катонқарағай ауданының ветеринариялық-санитариялық Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8/95-IV
- Қабылданған күні
- 15.10.2008
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2012 · қолданыстағы AI42134_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VM000050
- ЭКБ идентификаторы
- 42134
- Редакция идентификаторы
- AI42134_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:45
0 Катонқарағай ауданының ветеринариялық-санитариялық Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148- II Заңының 6 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 310 бабына, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 40 бабы 2 тармағы 4) тармақшасына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1 1. Катонқарағай ауданының ветеринариялық-санитариялық Ережесі бекітілсін (қосымша беріледі).
2 2. «Катонқарағай ауданының елді мекендерінде ауылшаруашылығы малдарын ұстау және бағу Ережесі туралы» (нормативтік актілердің мемлекеттік Тізілімінде 2006 жылы 28 шілде № 5-13-22 болып тіркелген) 22/13- III шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 З. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған соң 10 күнтізбелік куннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай аудандық
мәслихатының хатшысының
міндетін атқарушы
Е. Мамыров
4 Катонқарағай ауданының ветеринариялык-санитариялық Ережесі
Катонқарағай аудандық мәслихатының
2008 жылғы 15 қазандағы № 8/96- IV
шешімімен бекітілді
Катонқарағай ауданының
ветеринариялык-санитариялық Ережесі
1 1. Жалпы Ереже
Осы Ереже Катонқарағай ауданының ветеринариялық-санитариялық тәртібін белгілеу мақсатында әзірленіп, жеке және заңды тұлғалардың осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершіліктерін белгілейді.
1 1. Ереже меншік түріне қарамастан ауылшаруашылығы жануарларын ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тән болады.
2 2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленген.
2 2. Ветеринариялық-санитариялық талаптар
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер мыналар:
1 1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2 2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
3 3) жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігіне және сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету;
4 4) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
3 3. Мал иелерінің міндеттері
1 1. Жеке және заңды тұлғаларға мынадай міндеттер жүктеледі:
1 1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен
белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды жэне мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға;
2 2) жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелермен нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсірілуін және пайдаланылуын жүзеге асыруға;
3 3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөпті,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға жэне өңдеуге
арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен
нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
4
4) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануга беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;