Об установлении ограничительных мероприятий по профилактике и ликвидации мыта лошадей в товариществе с ограниченной ответственностью «Тимофеевка-Агро» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тимофеевка-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жылқының сақауы құтыру ауруының шектеу шараларын белгілеу және алдын алу туралы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына сәйкес және жылқының сақауы ауруының алдын алу мақсатында Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысына сәйкес, «Тимофеевка-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жылқының сақауы бойынша шектеу шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Әулиекөл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) «Тимофеевка-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жылқының сақауы ауруының алдын алу және жою шаралары бойынша кешенді шаралар жоспарын әзірлесін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Жігітовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.