Об изменении границ города Сарыагаш, Дарбазинского и Тегисшильского сельских округов Сарыагашского района Южно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласының, Сарыағаш ауданының Дарбаза және Тегісшіл ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 11-бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Сарыағаш қаласының әкімшілік шекарасына Дарбаза ауылдық округінің жалпы көлемі 265,0 гектар, Тегісшіл ауылдық округінің жалпы көлемі 200,0 гектар және бұрынғы Қабланбек оқу-тәжірибе шаруашылығының жалпы көлемі 496,0 гектар, барлығы 961,0 гектар жер бөлігінің қосылуымен Сарыағаш қаласының, Сарыағаш ауданының Дарбаза және Тегісшіл ауыл округтерінің шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.