Қарабау ауылынан Н. Көмековтың атына көше беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Қарабау ауылынан Н. Көмековтың атына көше беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35 бабын және аудандық ономастикалық комиссияның 2008 жылғы № 1 ұйғарымын басшылыққа алып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қарабау ауылындағы жаңадан ашылған көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Нығмет Көмековтың есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау округ әкімі аппаратының бас маманы С. Қойшыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.