Об организации областного выставочного центра Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық көрме
орталығын ұйымдастыру
жөнінде
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 25.12.2006 № 35 шешімімен.
Маркетингті және шетел инвестицияларын тартудын пәрменді құралы ретінде көрмелер, жәрмеңкелер, миссиялар, тұсау кесерлер ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметті Қостанай облысында жандандыру және үйлестіру мақсатымен ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысында және одан тыс жерлерде көрме қызметін өткізу жөніндегі үйлестіру Кеңесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Қостанай облыстық Сауда- өнеркәсіптік палатасының Қостанай облысының аумағында көрмелер мен жәрмеңкелердің бас ұйымдастырушысы ретіндегі бастама жасаған ұсынысы қабылдансын.
Тармақ 3
3. Облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасы (С.Г.Шергин) Қостанай облыстық Сауда- өнеркәсіптік палатасымен (В.Н.Грибушная) бірлесе отырып 1998 жылдың 18 наурызына дейінгі мерзімде "Көрме орталығы туралы" және "Үйлестіру Кеңесі" туралы ережелерді жасасын және оны Қостанай облысының Әкімінің бекітуіне берсін.
Тармақ 4
4. Облыс Әкімі аппаратының іс басқарушысы В.В. Шубин көрме залы мен бизнес-бюро үшін жалпы көлемі 364 шаршы метр, Таран көшесі, 87 үйдегі кітапхана жайын көрме орталығын ұйымдастыру үшін беру жөніндегі мәселені белгіленген тәртіпте шешсін.
Тармақ 5
5. Үйлестіру Кеңесі мүдделі ұйымдармен, департаменттермен және басқармалармен:
- Қостанай облысының кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істейтін көрмеге қатысу үшін кәсіпорындар тізімін жасасын және келіссін;
- көрме орталығын ұйымдастыру мен ашуда Сауда- өнеркәсіптік палатасына ықпал жасасын;
- Қостанай облысы кәсіпорындары өнімінің тұрақты жұмыс істейтін көрмесін ашу 1998 жылдың екінші тоқсанында жүзеге асырылсын.
Тармақ 6
6. Облыс кәсіпорындары мен ұйымдары көрмелерге, жәрмеңкелерге, миссияларга, тұсау кесерлерге қатысу мен оны өткізу мәселелерін үйлестіру Кеңесімен келісіп отырсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Т.К.Бегахметовке жүктелсін.
Басқа 8. Үйлестіру Кеңесінің мүшелері:
Қостанай облысы әкімінің
1998 жылғы 24 наурыздағы № 46
шешіміне қосымша
Облыстық көрме орталығы жұмысы жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің құрамы
Тірек Қамзаұлы Бегахметов - Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Үйлестіру кеңесінің төрағасы
Сергей Григорьевич Шергин - өнеркәсіп және сауда басқармасының бастығы, Үйлестіру Кеңесі төрағасының орынбасары
Валентина Николаевна Грибушная - Сауда-өнеркәсіп палатасының төрайымы, Үйлестіру Кеңесі төрағасының орынбасары
Людмила Васильевна Мухеева - өнеркәсіп және сауда басқармасы бастығының орынбасары
Үйлестіру Кеңесінің мүшелері:
Виктор Николаевич Ленивцев - Қостанай қаласы әкімінің орынбасары
Виктор Петрович Чернышов - Рудный қаласы әкімінің орынбасары
Анатолий Иванович Новокрещенов - Лисаков қаласы әкімінің орынбасары
Жомарт Мирасұлы Нұрғалиев - өнеркәсіп және сауда басқармасының сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бастығы
Ирина Михайловна Гришина - "Банк Каспиский" ашық акционерлік қоғамы Қостанай филиалының меңгерушісі
Виктор Иванович Соложенков - "Арай" акционерлік қоғамының президенті
Валерий Николаевич Чиченков - "Қостанайпластик" бірлескен кәсіпорнының президенті
Татьяна Ивановна Салманова – «Большевичка» акционерлік қоғамының президенті
Нағима Сейдахметқызы Жүсіпбекова - шағын бизнес пен кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бастығы
Зағыпар Мұстафаұлы Дощанов - Арқалық қаласы әкімінің орынбасары
Сергей Борисович Макаров - Қостанай облыстық Сауда- өнеркәсіптік палатасы төрайымының орынбасары