Шиелі кенті "Береке" мөлтек ауданында орналасқан атау берілмеген көшеге Өмірхан Жәрімбетовтің есімін беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шиелі кенті "Береке" мөлтек ауданында орналасқан атау берілмеген көшеге Өмірхан Жәрімбетовтің есімін беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі N 3 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Шиелі кентінде орналасқан аты жоқ көшеге ауданның ауылшаруашылығы саласында көп жылдар бойы абыройлы еңбек атқарған Өмірхан Жәрімбетовтің есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды кент әкімінің орынбасары Ермахан Түменовке жүктелсін. Кент әкімі                              М.Молдабаев