Шиелі кентіндегі атау берілмеген көшеге Әбдіразақ Борановтың есімін беру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шиелі кентіндегі атау берілмеген көшеге Әбдіразақ Борановтың есімін беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2006 жылғы 15 мамырдағы N 3 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Шиелі кентіндегі теріскей беткейіндегі Шахмардан Есенов атындағы мешіт жанынан бастау алатын көшеге партия, совет және еңбек ардагері Әбдіразақ Борановтың есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 31.05.2006 жылдан бастап пайда болған қарым қатынастарға тарайды.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды кент әкімінің орынбасары Ермахан Түменовке жүктелсін.