Об установлении ограничительных мероприятий в Кызылжарском сельском округе по случаю возникновения бруцеллёза крупного рогатого скота Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылжар селолық округінде ірі қара мал бруцеллезінің пайда болу жағдайы бойынша шектеушілік іс-шараларды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, 25, 26-баптарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 14 қарашадағы "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" № 369, 2002 жылғы 14 қарашадағы "Заңды және жеке түлғалар орындауға міндетті мал дәрігерлік іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" № 367 бұйрықтарына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторының 2008 жылғы 1 қазандағы № 1-10/665 ұсынымын қарап, Қызылжар селолық округінде ірі қара малдың бруцеллез ауруының алдын алу және оны жою мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) ірі қара малдың бруцеллезі бойынша қолайсыз пункт - Қызылжар селолық округі, оңдағы: "Қызылжар-Құрымсы" ЖШС шаруашылық субъектісіне жататын аумақ эпизоотикалық ошақ деп танылсын; Қызылжар, Борынтал ауылдары қауіп тондірілетін аймақ ретінде;
Тармақша 2
2) қосымшаға сәйкес Қызылжар селолық округінде ірі қара мал бруцеллезінің пайда болу жағдайы бойынша шектеушілік іс-шаралар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнер- кәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы (С.Б. Әміргалиев) (келісім бойынша), Қызылжар селолық округінің әкімі (Қ.М. Түсіпбеков) шектеушілік іс-шараларды орындау бойынша шара қолдансын.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол ресми жарияланған сәттен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Ақсу қаласы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын үйлестіру "Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.М. Сералиновке жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: Ақсу қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы М. Әлиханов 208 жылғы "6" қазан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроонеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекциясы комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясының бастығы С. Әмірғалиев 2008 жылғы "6" қазан Ақсу қаласы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басқармасының бастығы Т. Сламбеков 2008 жылғы "6" қазан
Басқа 7. Қызылжар селолық округінде ірі қара мал бруцеллезінің пайда болу жағдайы бойынша шектеушілік іс-шаралар
"Қызылжар селолык округінде ірі қара мал бруцеллезінің пайда болу жағдайы бойынша шектеушілік іс-шараларды белгілеу туралы" Ақсу қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 7 қазан № 621/4 қаулысына қосымша Қызылжар селолық округінде ірі қара мал бруцеллезінің пайда болу жағдайы бойынша шектеушілік іс-шаралар № р/с Іс - шаралар Мерзімдері Орындалуына жауаптылар 1. Қызылжар селолық округінде ірі қара мал бруцеллезін алдын алу және жою жөніндегі ұйымдастырушылық-шаруашылық іс-шаралары 1. Қызылжар селолық округінің барлық елді мекендерінің тұрғындарымен ірі қара малды бруцеллезден сауықтыру мәселесі жөнінде азаматтар жиынын өткізу 2009 жылғы қаңтар Қызылжар селолық округінің әкімі, селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша) және ауылдың учаскелік полиция инспекторы (келісім бойынша) 2. Халықтағы малдардың аулалық есебін, сондай-ақ қол қойдыра отырып, мал иелерін журналға енгізумен ауылшаруашылық малдарын толық теңестіруді жүргізу және нақты мал басының санын шаруашылық кітабындағы деректерге сәйкес келтіру 2009 жылғы қаңтар Қызылжар селолық округінің әкімі, селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша) 3. Қызылжар селолық окруіінің аумағы арқылы малдың барлық түрлсрін әкелуге, әкетуге және айдауға тыйым салу, ерекше жағдайларда Ақсу қаласының бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы мен селолық округтің мал дәрігерлік инспекторының қатаң рұқсаты бойынша Ірі қара мал бруцеллезінен шектеулерді алғанға дейін үнемі Селолық округ әкімі, полицияның учаскелік инспеьторы (келісім бойынша), селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша) 4. Ауру малдар жайылған қолайсыз аумақтағы шөптерді, сабанды және басқа салалы азықтарды дайындауға тыйым салу Ірі қара мал бруцеллезінен шектеулерді алғанға дейін үнемі Жер пайдаланушылар, селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша) 5. Малдарды жинаумен байланысты іс-шараларды өткізу тыйым салынсын Ірі қара мал бруцеллезінен шектеулерді алғанға дейін үнемі Қызылжар селолық округінің әкімі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашы-лығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешен-дегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойьшша) 6. Бруцеллезбен ауыратын малдарды және олардан бес тәуліктен бұрын алынған төлді союды ұйымдастыру Нұсқама негізінде бес күн ішінде Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша), Қызылжар селолық округінің әкімі және ауылдың учаскелік полиция инспекторы (келісім бойынша) 7. Малды жаюға табынды қалыптастыру селолық округтің мал дәрігерлік инспекторының бақылаумен жүзеге асыру, табынға тексерілмеген тұқымдық аталық бүқаларды, сондай-ақ піштірілмеген жас бұқаларды жібермеу Ірі қара мал бруцеллезінен сауықтырылғанға дейін үнемі Қызылжар селолық округінің әкімі, селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша) 8. Қолайсыз ігункттегі әсер етпейтін сиырлардың сүттерін (кілегейді) әкетуді 70 С температурада залалсындандыру, сондай-ақ қайнату және айырылған майға қайта өңдеу рүқсат бойынша Ірі қара мал бруцеллезінен сауықтырылғанға дейін үнемі Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша) 9. Малдардың бруцеллезін алдын алу бойынша адамдардың денсаулығы үшін қауіпті екендігі туралы, мал шаруашылығына келтірілген шығындар туралы газетті, радионы және теледидарды пайдалана отырып, халықпен насихат жүмысын жүргізу Үнемі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа-шылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитеті Ақсу қалалық аумақтық инспекциясының ветеринарлық қадағалау бөлімі (келісім бойынша), Қызылжар селолық округінің әкімі 10. Ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге малдар мен адамдардың бруцеллез аурулары анықталған жағдайда бірлесіп эпидемиологиялық және эпизоотиялық тексеруді жүргізу үшін тұрақты өзара жұмысты жүргізу Үнемі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа-шылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитеті Ақсу қалалық аумақтық инспекциясының ветеринарлық қадағалау бөлімі (келісім бойынша), қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметі 11. Малдардың бруцелезінің алдын алу және күрес жөніндегі іс-шараларды өткізген кезде мал иелеріне практикалық және тәжірибелік көмек көрсету Үнемі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитеті Ақсу қалалық аумақтық инспекциясының ветеринарлық қадағалау бөлімі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің "Республикалық ветеринарлық зертханасы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорьы Ақсу аудандық ветеринарлық зертханасы (келісім бойынша) 2. Қызылжар селолық округінде ірі қара мал бруцеллезінің алдын алу және жою жөніндегі арнайы іс-шаралар 12. Қызылжар селолық округіндегі ірі қара малдың барлық мал басын бруцеллезге екі мәрте теріс нәтиже алғанға дейін тексеру Екі мәрте теріс нәтиже алғанға дейін 30 - 45 күннен кейін Селолық окрупің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша) 13. Айқындалған бруцеллезбен ауыратын малдар тезарада оқшалауға және союға жатады Бес күн ішінде Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойьшша) 14. Түқымдық аталық бүқаларды тоқсан сайын зерттеу Үнемі Селолық окруттің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша) 15. Ауылшаруашылық малдарының іш тастауы бойынша қатаң есебін жүргізу, осындай малдар айқындалған жағдайда тезарада союға тапсыру, қалған мал басын қосымша зерттеу Бес күн ішінде Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша) 16. Мал шаруашылығы үй-жайларын және оларға іргелес аумақтарды залалсыздандыруды жүргізу Бруцеллезге тексерудің теріс нәтижесі болғанда Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша) 17. Үш айлық профилактикалық бақылаудан кейін қорытынды залалсыздандыруды жүргізу Бруцеллезге тексерудің теріс нәтижесі болғанда Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша) 18. Меншік нысанына карамастан мал иелерінің, сондай-ақ қарым-қатынаста болған мал иелерінің бруцеллезге және басқа ауруларға медициналық тексеруден уақытылы өтуді қамтамасыз ету Үнемі Селолық округтің дәрігерлік амбулаторияның медициналық қызмет керлері, Ақсу қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департементінің мамандары, селолық округінің учаскелік полиция инспекторы (келісім бойынша), селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша) 19. Малдарға қызмет көрсеткенде арнайы киімдер мен аяқ киімдерді қолдау Үнемі Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша), Ақсу қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары 20. Малдарды ұстау орындарын қол жуғыштармен, сабынмен, орамалмен, алғашқы медициналық көмектің аптечкасымен және басқа залалсыздандырғыш құралдармен қамтамасыз ету Үнемі Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша), Ақсу қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департамен-тінің мамандары