Об установлении ограничительных мероприятий в Акжолском сельском округе по случаю возникновения бруцеллёза крупного рогатого скота Қолданыста
Басқа 0
Ақжол селолық округінде ірі қара мал бруцеллезінің пайда болу жагдайы бойынша шектеушілік іс-шараларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардагьт "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 - бабы 1-тармағъшың 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, 25, 26-баптарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 14 қарашадағы "Ветеринария саласындағы нормативтік қүқықтық актілерді бекіту туралы" № 369, 2002 жылғы 14 қарашадағы "Заңды жэне жеке тұлғалар орындауға міндетті мал дәрігерлік іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру қагидаларын бекіту туралы" № 367 бұйрықтарына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторының 2008 жылғы 1 қазандагы № 1-10/665 ұсынымын қарап, Ақжол селолық округінде ірі қара малдың бруцеллез ауруының алдын алу және оны жою мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) ірі қара малдың бруцеллезі бойынша қолайсыз пункт - Ақжол селолык округі, оңдағы:
"Бауржан Ж" шаруа қожалығына шаруашылық субъектісіне жататын аумақ эпизоотикалық ошақ деп танылсын;
Ақжол ауылы қауіп төндірілетін аймақ ретінде;
Тармақша 2
2) қосымшаға сәйкес Ақжол селолық округінде ірі қара мал бруцеллезінің пайда болу жағдайы бойынша шектеушілік іс-шаралар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнер-
кәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция Комитетінің Ақсу қалалық
аумақтық инспекциясы (С.Б. Әмірғалиев) (келісім бойынша), Ақжол селолық
округінің әкімі (Н.М. Нарханов), шектеушілік іс-шараларды орындау бойынша
шара қолдансын.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол ресми жарияланған сәттен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Ақсу қаласы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын үйлестіру "Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.М. Сералиновке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Ақсу қалалық ішкі істер
бөлімінің бастығы М. Әлиханов
2008 жылғы "6" қазан
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі агроөнеркәсіптік
кешендегі Мемлекеттік инспекция
комитетінің Ақсу қалалық
аумақтық инспекциясының бастығы
С. Әміргалиев
2008 жылғы "6" қазан
Ақсу қаласы бойынша
Санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау департаменті
басқармасының бастығы
Т. Сламбеков
2008 жылғы "6" қазан
Басқа 7. Ақжол селолық округінде ірі қара мал бруцеллезінің пайда болу жағдайы бойынша шектеушілік іс-шаралар
"Ақжол селолық округінде
ірі қара мал бруцеллезінің
пайда болу жағдай бойынша
шектеушілік іс-шараларды
белгілеу туралы" Ақсу қаласы
әкімдігінің 2008 жылғы 7 қазан
№ 622/4 қаулысына қосымша
Ақжол селолық округінде ірі қара мал бруцеллезінің пайда болу жағдайы бойынша шектеушілік іс-шаралар
№ р/с
Іс - шаралар
Мерзімдері
Орындалуына жауаптылар
1. Ақжол селолық округінде ірі қара мал бруцеллезін алдын алу және жою жөніндегі ұйымдастырушылық-шаруашылық іс-шаралары
1.
Ақжол селолық округінің барльгқ елді мекендерінің түрғындарымен ірі қара малды бруцеллезден сауықтыру мәселесі жөнінде азаматтар жиынын өткізу
2009 жылғы қаңтар
Ақжол селолық округінің әкімі, селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша) және ауылдың учаскелік полиция инспекторы (келісім бойынша)
2.
Халықтағы малдардың аулалық есебін, сондай-ақ қол қойдыра отырып, мал иелерін журналға енгізумен ауылшаруашылық малдарын толық теңестіруді жүргізу және нақты мал басының санын шаруашылық кітабындағы деректерге сәйкес келтіру
2009 жылғы қаңтар
Ақжол селолық округінің әкімі, селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша)
3.
Ақжол селолық округінің аумағы арқылы малдың барлық түрлерін өәкелуге, әкетуге және айдауға тыйым салу, ерекше жағдайларда Ақсу қаласының бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы мен селолық округтің мал дәрігерлік инспекторының қатаң рұқсаты бойынша
Ірі қара мал бруцеллезінен шектеулерді алғанға дейін үнемі
Селолық округ әкімі, полицияның учаскелік инспекторы (келісім бойынша), селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша)
4.
Ауру малдар жайылған қолайсыз аумақтағы шөптерді, сабанды және басқа салалы азықтарды дайындауға тыйым салу
Ірі қара мал бруцеллезінен шектеулерді алғанға дейін үнемі
Жер пайдаланушылар, селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша)
5.
Малдарды жинаумен байланысты іс-шараларды өткізу тыйым салынсын
Ірі қара мал бруцеллезінен шектеулерді алғанға дейін үнемі
Ақжол селолық округінің әкімі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша)
6.
Бруцеллезбен ауыратын малдарды және олардан бес тәуліктен бұрын алынған төлді союды ұйымдастыру
Нүсқама негізінде бес күн ішінде
Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша), Ақжол селолық округінің әкімі және ауылдың учаскелік полиция инспекторы (келісім бойынша)
7.
Малды жаюға табынды қалыптастыру селолық округтің мал дәрігерлік инспекторының бақылаумен жүзеге асыру, табынға тексерілмеген тұқымдық аталык бүқаларды, сондай-ақ піштірілмеген жас
бұқаларды жібермеу
Ірі қара мал бруцеллезінен сауықтырылғанға дейін үнемі
Акжол селолық округінің әкімі, селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша)
8.
Қолайсыз пункттегі әсер етпейтін сиырлардың сүттерін (кілегейді) әкетуді 70 С температурада залалсындандыру, сондай-ақ қайнату және айырылған майға қайта өңдеу рүқсат бойынша
Ірі қара мал бруцеллезінен сауықтырылғанға дейін үнемі
Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша)
9.
Малдардың бруцеллезін алдын алу бойынша адамдардың денсаулығы үшін қауіпті екендігі туралы, мал шаруашылығына келтірілген шығындар туралы газетті, радионы және теледидарды пайдалана отырып, халықпен насихат жүмысын жүргізу
Үнемі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитеті Ақсу қалалық аумақтық инспекциясының ветеринарлық қадағалау бөлімі (келісім бойынша), Ақжол селолық округінің әкімі
10.
Ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге малдар мен адамдардьвд бруцеллез аурулары анықталған жағдайда бірлесіп эпидемиологиялық және эпизоотиялық тексеруді жүргізу үшін түрақты өзара жүмысты жүргізу
Үнемі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитеті Ақсу қалалық аумақтық инспекциясының ветеринарлық қадағалау бөлімі (келісім бойынша), қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметі
11.
Малдардың бруцелезінің алдын алу және күрес жөніндегі іс-шараларды өткізген кезде мал иелеріне практикалық және тәжірибелік көмек көрсету
Үнемі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитеті Ақсу қалалық аумақтық инспекциясының ветеринарлық қадағалау бөлімі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылык министрлігінің "Республикалық ветеринарлық
зертханасы" Республикалық мемлекеттікі қазыналық кәсіпорны Ақсу аудандық ветеринарлық зертханасы (келісім бойынша)
12.
Малдарға қызмет көрсеткенде арнайы киімдер мен аяк киімдерді қолдау
Үнемі
Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойынша), Ақсу қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары
13.
Малдарды ұстау орындарын қол жуғыштармен, сабынмен, орамалмен, алғашқы медициналық көмектің аптечкасымен және басқа залалсыздандырғыш құралдармен қамтамасыз ету
Үнемі
Селолық округтің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы (келісім бойьгаша), Ақсу қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары