Об утверждении стандарта оказания государственной услуги государственным учреждением «Отдел жилищно - коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата города Экибастуза» Қолданыста
Басқа 0
«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ,
мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің тізілімін бекіту туралы» № 561 қаулысы негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі Стандартын бекіту туралы» № 558 Қаулысының 2-тармағын орындауда, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің
орынбасары Н.В. Дычкоға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.