Қолданыстағы ред. 24.10.2008

Қабанбай ауылдық округіне қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы от 24.10.2008 г. № 453 (Қабанбай ауылдық округіне қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы)

0

Қабанбай ауылдық округіне қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы
Тарбағатай аудандык аумақтык инспекциясының бас мемлекеттік ветеринария инспекторының эпизоотиялық зерттеу анықтау актісі және қартасы негізінде Қабанбай тұрғындарының қой-ешкі малдарын бруцеллез ауруынан тазарту мақсатында Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II Заңының 27 бабына және «Жергілікті мемлекеттік баскару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II
Заңының 37 бабының 1, 2 тармағын басшылыққа алып
ҚАҮЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің аумағы көлемінде 2009 жылдын 1 қаңтарынан бастап шектеу жариялансын.

2

2. Қазақстан Республикасы Ветеринариялық Заңдылыктарына сәйкес Қабанбай ауылдық округінің аумағын бруцеллез ауруынан тазарту мақсатындағы ветеринариялық іс - шараларының жоспары ұсынылсын. Қосымша N 1

3

3. Бруцеллез ауруын түпкілікті жою мақсатында жасалған шектеулік іс шаралардың малдәрігерлік заңдылықтарға сай толық орындалуын қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекниясы бастығы (Б. Қажыкенов келісімі бойынша), Санитарлык-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығы (М. Сулейменова келісімі бойынша), Аудандық ауыл шаруашылық болімінің бастығы (М. Тырнақбаев) ұсынылсын.

4

4. Аудандық ішкі істер бөліміне (Е. Сейлханов келісімі бойынша) шектеу уақытыңда ауру малдар. олардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың заңсыз тасымалдауын қадағалауды қамтамасыз егу ұсынылсын.

5

5. Атқарылған шаралардың орындалуы туралы күнделікті аудандық төтенше
жағдайлар жөніндегі комиссиясына ақпарат беріп отыру ауданның бас мемлекеттік ветеринария инспекторы Д.Тулембаевқа және
Қабанбай ауылдық округінің әкімі С. Баймұханбетоваға міндеттелсін.

6

6. Қаулының орындалуына бақылау, басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Қараталовқа жүктелсін.

7

7. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Тарбағатай аудандық ішкі
істер бөлімінің бастығы
В. Сейлханов
Тарбағатаи аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
Б. Қажыкенов
Аудандык МСЭҚ
баскармасының бастығы
М. Сүлейменова