Әлімтау ауылдық округі Жайдаққұдық, Тасқұдық, Әлімтау, Көктал елді мекендерінде бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты карантиндік аймақтық ветеринариялық режим белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлімтау ауылдық округі Жайдаққұдық, Тасқұдық, Әлімтау, Көктал елді мекендерінде бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты карантиндік аймақтық ветеринариялық режим белгілеу туралы Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2-тармағы 9- тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлімтау ауылдық округі Жайдаққұдық, Тасқұдық, Әлімтау, Көктал, мекендерінде уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруы шығуына байланысты карантиндік аймақтық ветеринариялық режим белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы (Х.Мусировтың келісімі бойынша) шектеу қойылған аумақта мал қозғалысын қатаң бақылауға алып, індеттік байланыс тобына әсер ететін ветеринариялық жұмыстарды атқару сұралсын.
Тармақ 3
3. Әлімтау ауылдық округі, медициналық амбулаториясынан (О.Ергешовтың келісімі бойынша), Әлімтау ауылдық округі тұрғындары, арасында санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту, бруцеллез (сарып) ауруымен ауырған және аурулармен қатынаста болғандарды медициналық байқаудан өткізуді бақылауға алу сұралсын.
Тармақ 4
4. Аудандық медицина бірлестігінің бастығы (О.Садыковтың келісімі бойынша), аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы (С.Оразымбетовтың келісімі бойынша) уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруы шығуына байланысты ауыл тұрғындарына хабарлама беру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.М. Ильясовқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: 1. Аудандық аумақтық инспекциясының бастығы _________ Тағаев Батыр Жаппарұлы 20.10.2008 2. Аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеренариялық инспекторы _________ Мусиров Худайберген Алтайұлы 20.10.2008 3. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы _________ Оразымбетов Спандияр Шаимханұлы 20.10.2008 4. Аудандық медицина бірлестігінің бастығы _________ Садыков Оралбай 20.10.2008 5. Әлімтау ауылдық округінің медициналық амбулаториясының бас дәрігері _________ Ергешов Оразәлі 21.10.2008