О наложении ограничений по бруцеллезу крупного рогатого Скота в Байетском и Қояндинском сельских округах Қолданыста
Басқа 0
Байет және Қоянды ауылдық округтеріне ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеулер қою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2002 жылғы 14 қарашадағы «Ветеринария саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы» № 369 бұйрыгына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылыгы Министрлігінің 2002 жылғы 14 қарашадағы «Жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы» № 367 бүйрығына сәйкес және мемлекеттік ветеринарлық бас инспектордың 2008 жылғы 22 қыркүйектегі үсынысы негізінде, Байет және Қоянды ауылдық округтеріндегі ірі қара малдың бруцеллез ауруының алдын алу және жою мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Байет және Қоянды ауылдық округтеріндегі ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеулер қойылсын.
Тармақ 2
2. Ірі қара малдың бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді іс- шаралар жоспары (бұдан әрі- кешенді іс- шаралар жоспары) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі
агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Екібастұз
қалалық аумақтық инспекциясы (С.М.Баймағамбетов) (келісім бойынша),
Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік
мекемесі (Ж.Ж. Сәдуақасов), Байет ауылдық округінің әкімі (Д. Амантай),
Қоянды ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы (М.Ж. Ерғалиев)
белгіленген мерзім ішінде іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша
шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің
орынбасары Н.М. Күлжанға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
агроөнеркәсіп кешеніндегі
мсмлекеттік инспекция комитеті
Екібастұз қалалық аумақтық
инспекциясының бастығы С. Баймагамбетов
2008 жылғы «15 » қазан