Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу туралы
ҚАЗЖекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 592
- Қабылданған күні
- 17.11.2008
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2012 · қолданыстағы AI42392_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08LA000096
- ЭКБ идентификаторы
- 42392
- Редакция идентификаторы
- AI42392_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:35
0 Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу туралы
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңдарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру туралы нұсқаулығы бекітілсін.
2 2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А.Мұхимовқа жүктелсін.
4 Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру туралы нұсқаулық
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М. Ергешбаев
Қызылорда қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 17 қараша
N 91 қаулысымен бекітілген
Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру туралы нұсқаулық
1 1. Жалпы ереже
1
1. Осы нұсқаулық жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен жекелеген кейбір санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, концлагерде тұтқында болғандарға және Ауған соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, Чернобыль АЭС апатының зардаптарын жоюға қатысқандар мен мүгедектеріне (әрі қарай - әлеуметтік төлемдер алушылар) тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдерін көрсету тәртібін белгілейді.
2 2. Әлеуметтік төлемдер 2008 жылдың қараша - желтоқсан аралығында жасалынады.
3 3. Әлеуметтік төлемдер алушыларға тағайындалып, төленуі "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы жүргізіледі.
2 2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері
4 4. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға ай сайынғы төленетін әлеуметтік көмектер төмендегі түрлері бойынша тағайындалады:
1 1) тұрғын үйді ұстауға;
2 2) коммуналдық қызмет көрсетулерге, оның ішінде
орталықтандырылған жылу, суық сумен жабдықтау, канализация, электрмен
жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету;