О Республиканском государственном учреждении "Государственная фельдъегерская служба Республики Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1036 қаулысымен
Мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесiне қатысты уәкiлеттік берiлген орган болып табылады деп белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесiн 1999 жылға арналған республикалық бюджетте оны ұстауға көзделген қаражаттың шегiнде қаржыландыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына 1-қосымшаға тиiстi өзгерiстермен бiрге Үкiмет шешiмiнiң жобасын енгiзсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) Күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.11.20. N 1756 қаулысымен.
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999
жылғы 29 маусымдағы N 892 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесіне қатысты уәкілеттік берілген орган болып табылады".
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.