Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Жаркемер ауылына көше атауын беру туралы Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Жаркемер ауылына көше атауын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Жаркемер ауылы тұрғындарының конференциясының және Мұғалжар аудандық ономастика комиссия отырысының 2008 жылғы 3 қарашадағы № 4 хаттамасының негізінде, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жаркемер ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып Жаркемер ауылындағы негізгі көшесне атау берілсін.
Тармақ 2
2. "Жем" көшесі атауы Жем өзенінің халыққа көп қолайлы, пайдалы екендігін ескеріліп, осы ауыл Жем өзенінің бойында орналасқандықтан берілді.
Тармақ 3
3. Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енедеі және алғашкы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.