О снятии ограничения по бруцеллезу крупного рогатого скота с села Майтубек Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Майтүбек аулының аумағында ірі қара малдың сарып ауруына қарсы қойылған шектеуді алу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағы 10 тармақшасына сәйкес 2008 жылғы аталған ауруға қарсы жүргізілетін іс-шаралардың аяқталуына байланысты Май аудандық аумақтық инспекәиясының мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Майтүбек ауылының аумағында ірі қара малдың сарып ауруына қарсы қойылған шектеу алынсын.
Тармақ 2
2. Майтүбек ауылының әкімі Р. Байтілеуовке Майтүбек ауылының мемлекеттік ветеринариялық инспекторы О.Қ. Шукежановқа (келісім бойынша) бір жыл бойы қауіпті жұқпалы мал ауруларын болдырмау шараларын мұқият қадағалау тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық әділет басқармасында 2007 жылы 7 желтоқсанда мемлекеттік реестірінде 12-10-53 нөмірмен тіркеуден өткен, аудан әкімдігінің 2007 жылғы 26 қарашадығы «Майтүбек ауылында шектеу қою» № 265/11 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Саринге жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі. Келісілді ҚР АШМ МИК АӨК Май аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Н. Жұмабаев 03.11.2008 г.