Об утверждении Инструкции "О порядке присвоения звания "Почетный гражданин города Аксу" Қолданыста
Басқа 0
"Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағын беру тәртібі туралы" Нұсқауды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағы 12-1) тармақшасының негізінде, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1."Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағын беру тәртібі туралы" Нұсқау бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалық мэслихаттың 2008 жылғы 5 наурыздағы "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағын беру тәртібі туралы" Ережені бекіту жөніндегі" № 40/6 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын қадағалау қалалық мәслихаттың жоспар жэне бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 5. Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағын беру тәртібі туралы Нұсқау
Қалалық мәслихаттың 2008 жылғы
29 қазандағы "Ақсу қаласының
құрметті азаматы"атағын беру
тәртібі туралы" Нұсқауды бекіту
жөніндегі" № 89/12 шешімімен
бекітілді
Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағын беру тәртібі туралы Нұсқау
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағы қала мен ауылдық аймаққа сіңірген еңбегі, қаланың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан айтарлықтай үлесі үшін беріледі.
Тармақ 1.2
1.2. "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағы қала әкімінің үсынысы бойынша мәслихатпен жеке, өмірлік етіп беріледі және Ақсу қаласының ең жоғары құрметті атағы болып табылады.
Тармақ 1.3
1.3. "Ақсу қаласының қүрметті азаматы" атағы көзі тірісінде беріледі. "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағына ие адамдардың жалпы саны бір мезгілде 10 қазіргі кезде тірі адамдардан аспауы қажет.
Тармақ 1.4
1.4. "Ақсу қаласының қүрметті азаматы" атағы Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтарда түрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарына
беріледі.
Тармақ 1.5
1.5. "Ақсу қаласының қүрметті азаматы" атағымен марапаттау мәселесі үдайы емес, тек ерекше жағдайларда ғана қаралады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағын беру негіздері
2. "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағын беру негіздері
Тармақ 2.1
2.1. Құрметті атақ алуға үміткер азамат Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтың гүлденуі мен өркендеуіне елеулі және ерекше маңызы бар үлес қосуы
керек.
Тармақ 2.2
2.2. ҮміткердІң қоғамға сіңірген еңбегі қала мен ауылдық аймаққа дэлелді және көрнекті пайда әкелуі керек.
Тармақ 2.3
2.3. "Ақсу қаласының қүрметті азаматы" атағы алынбаған жэне өтелмеген соттылығы бар адамдарға берілмейді.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағын беру тәртібі
3. "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағын беру тәртібі
Тармақ 3.1
3.1. "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы қолдау хат қала әкімінің қаралуына мемлекеттік биліктің өкілетті және атқару органдарымен, өзін-өзі басқару органдарымен, үйымдар және азаматтармен беріле алады.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағының атрибуттары
4. "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағының атрибуттары
Тармақ 4.1
4.1. "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағына ие болган адамға салтанатты түрде куәлік, диплом жэне естелік белгі табыс етіледі.
Тарау 5
Тармақ 5. 5. "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағымен марапатталған адамдардың қүқықтары
5. "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағымен марапатталған адамдардың қүқықтары
Тармақ 5.1
5.1. "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағымен марапатталған адамдар келесілерге құқылы:
осы атақпен көпшілік алдында падалануға;
атқару билігі мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазым иелерімен кідірусіз қабылдануға.
Тарау 6
Тармақ 6. 6. Қортынды ережелер
6. Қортынды ережелер
"Ақсу қаласының құрметті азаматы" осы атағынан өзіне қарасты заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі шыққан жағдайда ғана, Ақсу қалалық мәслихаты сессиясының шешімімен айырылады.
Осы Нұсқаудың күші Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтарда түратын барлық Құрметті азаматтарға қарасты, оларға атақ берілген уақытқа байланысты емес, қолданылады.
-