О делегировании полномочий по выдаче лицензий розничной торговли алкогольной продукцией (кроме пива) на территории Мангистауской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысының аумағында алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасау лицензиясын беру жөнiнде өкiлеттiк беру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық әділет департаменті бастығының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы 02.12.2003 жылғы қорытындысымен. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңын , "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi № 2200 Жарлығын және "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiмен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың Тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 қаулысын орындау үшiн, шешiм етемiн:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi: алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауға байланысты лицензиялық қызметпен шұғылдану құқығына арналған лицензияларды заңды және жеке тұлғаларға берудi қамтамасыз етсiн; алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiптерi туралы, лицензияларды беру мен бiлiктiлiк талаптарының тәртiбi туралы халық арасында алдын ала түсiнiк жұмыстарын жүргiзсiн; осы шешiмге сәйкес алкоголь iшiмдiктерiмен сауда жасауды тәртiпке келтiру жөнiнде барлық қажеттi шаралар алсын; алкоголь өнiмдерiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауға берiлген лицензиялар туралы ақпаратты ай сайын әр айдың 5-не дейiн облыстық экономика, өнеркәсiп және сауда басқармасына табыс етсiн.
Тармақ 2
2. Облыс әкiмiнiң 1.10.1997 ж. № 509, 16.07.1999 ж. № 183 шешiмдерiнiң күшi жойылған деп саналсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Ж. Аманқұловқа жүктелсiн.