Мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандарттары туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына сәйкес, Мұнайлы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары туралы от 22.10.2008 г. № 181-қ (Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары туралы)
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары бекітілсін:
«Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекттік мекемесінің:
«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді рәсімдеу»;
«Мұнайлы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің:
«Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ұлановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімінің бастығы
М.Бегниязов____________
«___» ___________ 2008ж
Мұнайлы аудандық тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылығы
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімінің бастығы
Қ.Чаркатбаев____________
«___» ___________ 2008ж
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2008 жылғы « » ___________
№ __ қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді рәсімдеу»
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт жерді уақытша өтеулі пайдалану құқығына актілерді рәсімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1, 36-баптары негізінде жүзеге асырылады.
Мұнайлы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында қабылданады.
4. Мемлекеттік қызметті «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлімі) көрсетеді.
Мұнайлы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызмет көрсету үшін жасалған жағдайлар : жазғы мерзімде оптималдық температураны сақтау үшін кондициоенер және үш үстел орналасқан.
5. Жерді уақытша өтеусіз пайдалану құқығына арналған акті рәсімделеді немесе уәжделген бас тарту туралы мәлімет беріледі.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі-тұтынушығы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі он жұмыс күн ішінде:
1) ұсынылған құжаттарды тексеру және оларды мамандырылған мұнайлы ауданы бойынша жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі еншілес мемлекеттік кәсіпорын филиалына (бұдан әрі-ЕМК) жіберу – өтініштерді тіркеген күннен бастап бес күн ішінде әзірлейді.
2)Қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде) кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минуттан көп емес.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минуттан көп емес.
6. Мемлекеттік қызметкөрсету ақылы.
7. Мемлекеттік актіні алушы жеке және заңды тұлға азаматтары Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) өзінің жеке баруы арқылы жүзеге асырылады. Маңғыстау селосы, Қоғамдық ұйымдар ғимараты.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы.
9. Ақпараттық және анықтамалық тағандар бөлімнің, ХҚКО-ның және ЕМК-ның фойелерінде орналастырылған.
10. Жұмыс кестесі мен жұмыс режимі:
Бөлім – мерекелік күндерден басқа, жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері : Жұма және сейсенбі күндері, жергілікті уақытпен сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін. Үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін.
ХҚКО- мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз.
ЕМК-қабылдау күндері: мерекелік күндерден басқа дүйсенбі, сейсенбі және жұма күндері сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін, үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін.
11. Қызмет құжаттарды қабылдау-беру терезелері орналасқан, отыратын орындықтары бар күту залдары, толтырылған бланк үлгілері қойылған ақпараттық тағандары бар Бөлім, ХҚКО, ЕМК ғимараттарында көрсетіледі.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, І, ІІ, топ мүгедектеріне кезектен тыс қызмет көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Тұтынушылар жерді уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) пайдалану (жалдау) құқығына актілерді рәсімдеу үшін төмендегідей құжаттар тізбесін ұсынады:
өтініш (№2 қосымша бойынша) жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы қаулыдан үзінді, жергілікті атқарушы органдардың шешімі немесе жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеуге тапсырыс бланкісі (жұмыстың жерге орналастыру түрлерін орындауға лицензиясы бар мекеменің бәсекелестік ортасында әзірленеді);
жеке тұлғалар үшін – жеке куәлік, салық төлеушінің номері (СТН), (көшірме), жеке куәлігі (сенімхат болған жағдайда-сенім білдірген тұлғаның сенімхаты және жеке куәлігі), жерге орналастыру сызбасы,
заңды тұлғалар үшін – куәлік, салық төлеушінің номері (СТН), статистикалық карта мен мерзімі көрсетілген өтініш , жерге орналастыру сызбасы;
Заңды тұлғаның өтінішіне бірінші басшы немесе оның орынын басатын тұлға қол қояды.
13. Өтініштер бланкісін Мұнайлы аудандық ХҚКО – ның №1-ден №19дейінгі терезелерінен алуға болады.
14. Құжаттарды (бланкілер, нысандар, өтініштер және басқа да құжаттар) қабылдау «терезелердің» атқаратын қызметтері мен бағытталуы туралы ақпараттар орналастың «терезелердің» көмегімен жүзеге асырылады, сонымен қатар қызметкердің аты-жөні мен лауазымы көрсетіледі.
15. Өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетудің сұралған түрі, берілген құжаттардың атауы мен аяқталған күні және анықтамалық қызмет телефонының аты-жөні көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
16.Дайын құжаттарды беру ХҚО-да немесе Бөлімде қолхат пен тұлғаны растайтын құжатты көрсету арқылы жүзеге асырылады.
17. Құжаттарды рәсімдеу қателер (түзетулер, өшірулер және т.б) анықталған жағдайда, Бөлім құжаттар пакетін алғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде олардан бас тарту себебі көрсетілген жазбаша негіздемемен бірге ХҚКО-на немесе ЕМК-не қайтарады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Бөлім мен ХҚКО-тарының қызметі келесі жұмыс қағидаттарына негізделеді:
1) Адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;
2) Қызметтік борышын орындаукезінде заңдылықтарды сақтау;
3) Нақтылы және толық ақпарат беру;
4) Ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың №1 қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажет болған жағдайда тұтынушы бөлім бастығына тел: 75-03-53 ХҚКО басшысына хабарласа алады. Бөлім бастығының қабылдау уақыты – мерекелік күндерден басқа, жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: Жұма және сейсенбі күндері, жергілікті уақытпен сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін. Үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін.
22. Шағым Бөлім бастығының немесе ХҚКО-ның директорының атына беріледі.
23. Тікелей жазбаша түрде жүгінген тұтынушыға өтінішті қабылдағын тұлғаның тегі, аты, уақыты, күні көрсетіле отыроып тіркелген өтінішінің (шағымыныфң) екінші данасы қайтарылады. Бөлімге немесе ХҚКО-на түскен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған тәртіп пен меерімде жүзеге асырылады;
Берілген шағымға жауапты не шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты Бөлім орналасқан мекен-жай бойынша: Маңғыстау селосы:, Қоғамдық ұйымдар ғимсараты, Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімінің кеңсесінен алуға болады. Тел : 75-03-04
Заңнамада белгіленген ретімен берілген өтініштер міндетті түрде қабылданады, тіркеледі, есептен өтеді және қарастырылады.
6. Байланыс ақпараты
24.Тұтынушыларды қабылдау Бөлім мен ХҚКО-тардың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.
1) Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі бастығының телефоны:8(7292) 75-03-53
Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі мамандарының телефоны: 8(7292) 75-03-51
Жұмыс кестесі: әр күн сайын жергілікті уақытпен сағат9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін.
Демалыс күндері: мерекелік күндер, сенбі, жексенбі.
Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: Жұма және сейсенбі күндері жергілікті уаақытпен сағат 10.00-ден 16.00-ға дейін үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін.
2) ХҚКО директорлары олардың белгіленген жұмыс кестелеріне сәйкес.
25. Қосымша қызметтер көрсетілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
үлгі стандартына №1-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің нормативтік мәні
Көрсеткіштің келесі жылғы мақсатты мәні
Көрсеткіштің есептік жылғы ағымдағы мәні
1
2
3
4
1.Уақыттылығы
1.1.Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының (үлесі)
100%
100%
100%
1.2.Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұлғалардың (үлесі)
100%
90%
95%
2.Сапасы
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұлғалардың (үлесі)
100%
100%
100%
2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б) (үлесі)
100%
100%
100%
3. Қол жетімділігі
3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұлғалардың (үлесі)
100%
100%
100%
3.2. Тұлғалар құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың (үлесі)
90%
80%
85%
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметінің ақпарат (үлесі)
90%
800%
85%
4. Шағымдану үдерісі
4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұлғалардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандыруларуға негізделген шағымдардың % (үлесі)
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұлғалардың % (үлесі)
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұлғалардың % (үлесі)
5. Сыпайылық
5.1 Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұлғалардың % (үлесі)
100%
100%
100%