Об утверждении правил использования зерна государственных ресурсов и резерва Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік ресурстар мен резервтің астығын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы Астықтың мемлекеттік экспорттық ресурстарының, тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстарын және азық-түліктік астықтың мемлекеттік резервін мемлекеттік басқаруды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Азық-түліктің, астықтың мемлекеттік резерві "Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңын іске асыру туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1737 қаулысымен айқындалған қаражаттың есебінен, ал тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстары мен астықтың мемлекеттік экспорттық ресурстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұқымдық астықтың мемлекеттік резерві туралы" 1999 жылғы 14 қыркүйектегі N 1390 және "1999 жылдың астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебін жүргізудің, сақтаудың және сатудың кейбір мәселелері туралы" 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303 қаулыларына сәйкес "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 қаулысында көрсетілген қаражаттың есебінен құрылғаны ескерілсін. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолдау жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" 1998 жылғы 5 қазандағы N 998, "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстары туралы" 1999 жылғы 14 қыркүйектегi N 1390 және "1999 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алудың, оның есебiн жүргiзудiң, сақтаудың және сатудың кейбiр мәселелерi туралы" 1999 жылғы 2 қыркүйектегi N 1303 қаулыларына сәйкес бөлiнген несиелiк ресурстар есебiнен сатып алынған астықты сатудан түскен қаражат астықтың мемлекеттiк экспорттық ресурстарын қалыптастыру үшiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында ашылған және бақылауындағы валюталық және теңгелiк арнаулы шотына қайтарымды негiзде жiберiлсiн. 📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.12.23 N 1964; 2000.09.27. N 1455 қаулыларымен.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394 қаулысымен.
Тармақ 4
4. "Тұқымдық астықтың мемлекеттік резерві туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 қыркүйектегі N 1390 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстары туралы";
Тармақша 2
2) кіріспедегі және 3-ші тармақтың 1) тармақшасындағы "мемлекеттік резервін" деген сөздер "мемлекеттік ресурстарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 3-ші тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 5
5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы астығының мемлекеттік ресурстары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 маусымдағы N 815 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 21, 237-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 маусымдағы N 815 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 19 қазандағы N 1352 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж ., N 33, 418-құжат).
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 12. Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк астығының мемлекеттiк резервiн пайдаланудың Тәртібі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 1999 жы­л­ғы 30 қыр­күй­ек­те­гі N 1506 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк астығының мемлекеттiк резервiн пайдаланудың Тәртібі 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394 қаулысымен.
Басқа 13. Қазақстан Республикасының тұқымдық астығының мемлекеттік ресурстарын пайдаланудың Тәртібі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 1999 жы­л­ғы 30 қыр­күй­ек­те­гі N 1506 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Қазақстан Республикасының тұқымдық астығының мемлекеттік ресурстарын пайдаланудың Тәртібі 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394 қаулысымен.
Басқа 14. Қазақстан Республикасы астығының мемлекеттiк экспорттық ресурстарын пайдаланудың Тәртібі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 1999 жы­л­ғы 30 қыр­күй­ек­те­гі N 1506 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Қазақстан Республикасы астығының мемлекеттiк экспорттық ресурстарын пайдаланудың Тәртібі 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394 қаулысымен.