"Аққұдық ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Аққұдық ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Заңы 35–бабының 2–тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңы 14–бабының 4–тармақшасына және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Аққұдық ауылдық округ әкімі: ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аққұдық ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің көшелеріне келесі атаулар берілсін: Аққұдық ауылында – Бейбітшілік көшесі; – Оспанов Құрманғали көшесі. Қарағандысай қыстағы осы көшеге қарайды; – Жеңіс көшесі, осы көшеге Аққұдық темір жол бекеті бойындағы барлық үйлер жатқызылады; Қатынадыр ауылында – Тәуелсіздік көшесі, көшеге осы елді мекендегі барлық үйлер жатқызылады.
Тармақ 2
2. Осы шешім Әділет мекемесінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.