Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі Басшилі ауылына көше атауларын беру туралы Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі Басшилі ауылына көше атауларын беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Еңбек ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Басшилі ауылының көшелеріне Бірлік, Ынтымақ, Орталық атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.