Об утверждении Правил определения хозяйствующих субъектов, подлежащих проверке органами Комитета по государственному контролю над производством и оборотом алкогольной продукции Күшін жойған
Басқа 0
Алкоголь өнімін өндіру мен оның айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитет органдарында тексерілуі тиіс шаруашылық жүргізуші субъектілерді анықтау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіру мен оның айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегi комитетіне тиісті шаруашылық жүргізуші субъектiлерді іріктеу механизмін реттеу мақсатында Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнiмін өндіру мен оның айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитет органдарында тексерілуі тиіс шаруашылық жүргізуші субъектілерді анықтау ережесі бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіру мен оның айналымынан мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитет (М.Э. Құдайбергенов) комитеттің аумақтық органдарына дейін жеткізсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру мен оның айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетіне (М.Э.Құдайбергеновқа) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Мемлекеттік кiрiс министрлiгінiң Алкоголь өнiмiн өндiру мен оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитет органдары тексеруге тиiс шаруашылық жүргізушi субъектiлердi анықтау Ережесi
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің
1999 жылғы 04 қыркүйектегі
N 1095 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік кiрiс министрлiгінiң Алкоголь өнiмiн өндiру мен оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитет органдары тексеруге тиiс шаруашылық жүргізушi субъектiлердi анықтау Ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiру мен оның айналымына бақылау жасау жөнiндегi комитет (бұдан әрi - Комитет) органдары 21.12.98 жылғы N 97 Комитеттiң бұйрығымен бекiтiлген, Комитеттiң тексеру жүргiзу тәртiбi туралы Ережелермен реттелген тексеруге тиiс этил спиртi және алкоголь өнiмiн өндіру мен айналымы саласында лицензияланған қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi сұрыптау тетiгін реттейдi.
Тармақ 2
2. Тексеруді тиiс шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi сұрыптау қауiптiң жиынтық көрсеткіші негiзiнде тоқсан сайын жүзеге асырылады.
Комитетте (бұдан әрi - шаруашылық жүргiзушi субъектілер) лицензиаттар ретiнде есепте тұрған барлық шаруашылық жүргiзушi субъектілер алдын ала мынадай 2 топқа бөлiнедi:
Тармақша 1
1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi жүзеге асырушылар;
Тармақша 2
2) этил спиртi мен алкоголь өнiмi айналымы саласында қызметiн жүзеге асырушылар;
Тексерiлуi тиiс шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi iрiктеу Журналындағы әрбiр топ шеңберiнде топтастырудан кейiн әрбiр шаруашылық жүргiзушi топ бойынша қауiп дәрежесiн бағалау жүзеге асырылады. Журнал нөмiрленiп, тiгіліп, Комитеттiң аумақтық басқармасының мөрi басылуы тиiс. Журналда 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша кесте толтыру жолымен қауiптiң жиынтық көрсеткiшi көрсетіледi.
Тармақ 3
3. Комитеттiң аймақтық басқармалары бойынша қауiптiң дәрежесiн бағалау нәтижелерi бойынша аудандар (қалалар) мен шаруашылық жүргiзушi топтар бөлiгiнде шаруашылық жүргiзушi субъектілердi тексеру Жоспары жасалады. Жоспарды аумақтық басқарма басшысы бекiтедi және кезектi тоқсан басталғанға дейiнгi 20 күн бұрын Комитеттiң орталық аппаратына ұсынылады.
Қауiптiң жиынтық көрсеткiшiн анықтау нәтижелерi бойынша тексерiлуi тиiс шаруашылық жүргізушi субъектiлерден басқа ол бойынша шағымдар, өтiнiштер және мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың арыздары келiп түскен шаруашылық жүргізушi субъектiлер тексеру Жоспарына енгiзiлуi мүмкiн.
Шаруашылық жүргізушi субъектiлердi тексеру Жоспарына жылына бiр реттен артық тексеру, сондай-ақ iрi салық төлеушiлер мониторингi жүйесiндегi заңды тұлғаларды тексеру Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң жазбаша рұқсаты бар болса ғана жүргiзiледi.
Тарау 2. 2. Қауiптiң жиынтық көрсеткiшiн белгiлеу
2. Қауiптiң жиынтық көрсеткiшiн белгiлеу
Тармақ 4
4. Қауiптің жиынтық көрсеткiшi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінің Алкоголь өнiмiн өндiру мен оның айналымына бақылау жасау жөнiндегi комитеттің 30.06.98 жылғы N 9 (бұдан әрi - декларация) бұйрығымен бекiтiлген, этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруiн және айналымын декларациялау Тәртiбi реттелген декларациялар ұсынылған талдау негiзiнде, акциздiк алымдар маркаларын пайдалану туралы есеп берулер, шаруашылық жүргізушi субъектілердi бағалау жолымен көлiк құжаттары қозғалысының жүк құжаттары туралы мынадай өлшемдер бойынша айқындалады:
Тармақша 1
1) декларациялардың қарастырылған нысандарын тапсыру жөнiнде шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң тәртіптiлігi бағаларын көрсететiн декларацияларды ұсыну;
Тармақша 2
2) бюджетке төлемдер төлеудiң уақтылығы мен толықтығы жөнiнде шаруашылық жүргізушi субъектілердiң бағалануын көрсететiн акциздердi төлеу;
Тармақша 3
3) алдыңғы кезеңмен салыстырғанда өнiм өндiру (жұмыс, қызмет көрсету) көлемiнiң өзгерiсiн бағалауды көрсететiн өндiрiс (жұмыс, қызмет көрсету) көлемi;
Тармақша 4
4) шаруашылық жүргізушi субъектiнiң бизнес пен экспорт-импорт саласына қатынас бағасын көрсететiн қызметiнiң мазмұны;
Тармақша 5
5) декларациялар мәлiметтерiн компьютерлiк өңдеу негізiнде бағаны көрсететiн өнiм өндiру мен сату көлемiнiң сәйкестiгіне этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру мен сату мөлшерiнiң сәйкестiгi;
Тармақша 6
6) алкоголь өнiмiнiң шығысы және құю бойынша декларациялар мәлiметтерi бағасын көрсететiн өнiм шығысы және құю сәйкестiгi;
Тармақша 7
7) шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң лицензиялары барлығының және сәйкестiгiнiң бағасын көрсететiн лицензиялар сәйкестiгi;
Тармақша 8
8) декларацияланған өндiрiс қуатынан асуы деңгейi бағасын көрсететiн өндiрiстiк қуаттарды пайдалану деңгейi;
Тармақша 9
9) шаруашылық жүргізушi субъектiлер акциздiк алымдар маркаларын пайдалану сәйкестiгi бағасын көрсететiн акциздiк алым маркаларының өзгерiсi;
Тармақша 10
10) бұрынғы кешендiк тексеру кезiнде анықталған тәртiп бұзушылықтар дәрежесi бағасын көрсететiн бұрынғы тәртiп бұзушылықтар.
Журналды толтыру нәтижелерi бойынша бар қаржы және еңбек ресурстарын есепке ала отырып тексеру жоспарына енгізу үшiн қауiптiң ең көп жиынтық көрсеткiшi бар шаруашылық жүргізушi субъектiлер iрiктеледi.
Басқа 1. 1999 жылғы______тоқсанда тексеруге тиіс шаруашылық жүргізуші субъектілерін іріктеуге арналған қауіптің жиынтық көрсеткішінің есебі
1 қосымша
1999 жылғы______тоқсанда тексеруге тиіс шаруашылық жүргізуші субъектілерін іріктеуге арналған қауіптің жиынтық көрсеткішінің есебі
1. Этил спирті мен алкогольдік өнім өндірісін
жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша
___________________________________________________________________
Кәсіпорын| Қауіп көрсеткіштері
атауы |_____________________________________________________________
|Декларация|Акциздер|Өндіріс |Қызметінің|Өндіру және|Өнімнің
|тапсырылуы|төлеу |(жұмыстар, |мазмұны |сату көлем.|құйылуы
| | |қызмет көр.| |дерінің |және
| | |сетулер) | |сәйкестігі |шығуы
| | |көлемі | | |сәйкестігі
___________________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
___________________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
_____________________________________________________
Лицензия.|Өндіріс |Акциз |Бұрынғы |Қауіптің |
ға сәйкес|қуатын |жинауда |тәртіп |жиынтық |
тігі |пайдалану |марка |бұзушылық |көрсеткіші|
|деңгейі |өзгерісі| | |
| | | | |
____________________________________________________|
8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
____________________________________________________|
2. Этил спирті мен алкогольдік өнім айналысы аясындағы
қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша
___________________________________________________________________________
Кәсіпорын| Қауіп көрсеткіштері
атауы |_________________________________________________________________
|Декларация|Акциздер|Өндіріс |Қызметінің|Өндіру және|Өнімнің
|тапсырылуы|төлеу |(жұмыстар, |мазмұны |сату көлем.|құйылуы
| | |қызмет көр.| |дерінің |және
| | |сетулер) | |сәйкестігі |шығуы
| | |көлемі | | |сәйкестігі
___________________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
___________________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
_____________________________________________________
Лицензия.|Өндіріс |Акциз |Бұрынғы |Қауіптің |
ға сәйкес|қуатын |жинауда |тәртіп |жиынтық |
тігі |пайдалану |марка |бұзушылық |көрсеткіші|
|деңгейі |өзгерісі| | |
| | | | |
____________________________________________________|
8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
____________________________________________________|
Анықтау
Тармақ 1
1. 2-бағанда "Декларация тапсырылуы":
Тармақша 1
1) егер салық жылында декларация мен есептер беру мерзімі бұзылмаса,
бағанға 0 саны қойылады;
Тармақша 2
2) егер салық жылында декларация мен есептер тапсырылуы бұзылса,
бірақ үштен артық емес, бағанға 10 саны қойылады;
Тармақша 3
3) егер салық жылында декларация мен есептер тапсырылуы үштен артық бұзылса не ұсынылған декларация деректемелері толық толтырылмаса, бағанға 30 саны қойылады.
Тармақ 2
2. 3-бағанда "Акциздер төлеу":
Тармақша 1
1) егер салық жылында акциз сомасы уақтылы және толық көлемде төленсе, бағанға 0 саны қойылады;
Тармақша 2
2) егер салық жылында акциз сомасы уақтылы емес немесе толық емес көлемде төленсе, бағанға 30 саны қойылады.
Тармақ 3
3. 4-бағанда "Өндіріс (жұмыстар, қызмет көрсетулер)көлемі":
Тармақша 1
1) егер бұрынғы ұқсас кезеңмен осы есепті кезеңді өндіріс (жұмыстар, қызмет көрсетулер) көлемі бойынша салыстыру кезінде теңдік пен арттыру бақыланса, бағанға 0 саны қойылады;
Тармақша 2
2) егер салыстыру кезінде осы өндіріс көлемдерінің кемуі 25%-ке дейін құраса, онда бағанға 10 саны қойылады;
Тармақша 3
3) егер салыстыру кезінде осы өндіріс көлемдерінің кемуі 25%-тен артық құраса, онда бағанға 30 саны қойылады.
Тармақ 4
4. 5-бағанда "Қызметінің мазмұны":
Тармақша 1
1) егер шаруашылық жүргізуші субъект сауда-делдалдық қызмет аясында жұмыс істемесе және экспорт-импорт операцияларын жүзеге асырмаса, бағанға 0 саны қойылады;
Тармақша 2
2) егер шаруашылық жүргізуші субъект сауда-делдалдық қызметпен айналысса, бірақ экспорт-импорт операциялары жүзеге асырылмаса, бағанға 15 саны қойылады;
Тармақша 3
3) егер шаруашылық жүргізуші субъект сауда-делдалдық қызмет аясында жұмыс істемесе, бірақ экспорт-импорт операциялары жүзеге асырылады, бағанға 20 саны қойылады;
Тармақша 4
4) егер шаруашылық жүргізуші субъект сауда-делдалдық қызметпен айналысса және экспорт-импорт операцияларын жүзеге асырылса, бағанға 30 саны қойылады.
Тармақ 5
5. 6-10 бағандарда декларация толтыру қолхаты деңгейінің бағасы және олардың осы құжатты талдау нәтижесінің сәйкестігі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 6-бағанда "Өндіру және сату көлемдерінің сәйкестігі":
Тармақша 1
1) егер шаруашылық жүргізуші субъектіде этил спирті мен алкоголь өнімдерінің кірісі мен шығысы бойынша есеп деректері бірдей болса, бағанға 0 саны қойылады;
Тармақша 2
2) егер шаруашылық жүргізуші субъектіде этил спирті мен алкоголь өнімдерінің кірісі мен шығысы бойынша есеп деректері үйлесімсіз көрсетілсе, бағанға 30 саны қойылады.
Тармақ 7
7. 7-бағанда "Өнімнің құйылуы және шығуы сәйкестігі":
Тармақша 1
1) егер шаруашылық жүргізуші субъектіде алкоголь өнімдерінің құйылуы мен шығуы жөнінде дерек алшақтығы осы декларация бойынша алынса, бағанға 0 саны қойылады;
Тармақша 2
2) егер шаруашылық жүргізуші субъектіде алкоголь өнімдерінің құйылуы мен шығуы жөнінде дерек алшақтығы осы декларация бойынша болса, бағанға 30 саны қойылады.
Тармақ 8
8. 8-бағанда "Лицензияға сәйкестігі":
Тармақша 1
1) егер шаруашылық жүргізуші субъект лицензияға сәйкестігі негізінде қызметті жүзеге асырса, бағанға 0 саны қойылады;
Тармақша 2
2) егер шаруашылық жүргізуші субъект лицензияға сәйкестігі негізінде қызметті, іс-әрекет ету мерзімі өткен не лицензия негізінде іс-әрекетін бақылаушы орган тоқтатқан не сәйкес келмейтін лицензияны жүзеге асырса, бағанға 30 саны қойылады.
Тармақ 9
9. 9-бағанда "Өндіріс қуатын пайдалану деңгейі":
Тармақша 1
1) егер шаруашылық жүргізуші субъектіде шығарылатын өнімдер көлемімен белгіленген өндіріс қуаты деңгейі сәйкес келсе, бағанға 0 саны қойылады;
Тармақша 2
2) егер шаруашылық жүргізуші субъектіде белгіленген өндіріс қуаты жоғары болса, бағанға 30 саны қойылады.
Тармақ 10
10. 10-бағанда "Аксиз жинауда марка өзгерісі":
Тармақша 1
1) егер шаруашылық жүргізуші субъектіде аксиз жинауда нақты марка пайдаланумен алкоголь өнімдерін сату көлемімен сәйкес келсе, бағанға 0 саны қойылады;
Тармақша 2
2) егер шаруашылық жүргізуші субъектіде аксиз жинауда нақты марка пайдаланумен алкоголь өнімдерінің көлемі алшақтығы болса, бағанға 30 саны қойылады.
Тармақ 11
11. 11-бағанда "Бұрынғы тәртіп бұзушылық":
Тармақша 1
1) егер бұрынғы тексеру жүргізуде тәртіп бұзушылық айқындалмаса, бағанға 0 саны қойылады;
Тармақша 2
2) егер шаруашылық жүргізуші субъект тексерілмесе не "Этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін, этил спиртін сақтау және сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін сақтау мен көтерме сату ережесі мен лицензиялау шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 шілдедегі қаулысымен бекітілген (бұдан әрі - Шарт) белгіленген біліктілік талаптары бұрынғы тексеру жүргізуде 3 тәртіп бұзушылыққа дейін айқындалса, бағанға 10 саны қойылады;
Тармақша 3
3) егер бұрынғы тексеру жүргізуде бюджет алдындағы міндетін 15%-ке
арттырған тәртіп бұзушылық айқындалса, бағанға 15 саны қойылады;
Тармақша 4
4) егер бұрынғы тексеру жүргізуде этил спирті мен алкоголь өнімдері өндірісі техникалық регламентін бұзғаны, сондай-ақ ГОСТ-тер мен техникалық талаптарды бұзғаны айқындалса, бағанға 20 саны қойылады;
Тармақша 5
5) егер бұрынғы тексеру жүргізуде бюджет алдындағы міндетін 15%-тен арттырған тәртіп бұзушылық не Шартта белгіленген біліктілік талаптарын 3-тен артық бұзғаны айқындалса бағанға 30 саны қойылады.
Тармақ 12
12. 12-бағанда "Қауіптің жыйынтық көрсеткіші" 2-11 бағандардағыдай айқындалады.