О присвоении названия улицам в населенных пунктах Табантальского сельского округа Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Табантал ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына, сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Табантал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Табантал ауылдық округінің келесі елді мекендерінің көшелеріне атаулар берілсін:
Табантал ауылында - Табантал көшесі, көшеге осы елді мекеннің барлық үйлері жатады;
Бақай ауылында - Бақай көшесі, көшеге осы елді мекеннің барлық үйлері жатады;
Жайлаусай ауылында - Жайлаусай көшесі, көшеге осы елді мекеннің барлық үйлері жатады;
Көптоғай ауылында - Көптоғай көшесі, көшеге осы елді мекеннің барлық үйлері жатады.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.