Жөлек ауылындағы кейбір көшелерге есім беру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жөлек ауылындағы кейбір көшелерге есім беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, Аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2008 жылдың 18 қаңтардағы N 1 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Жөлек ауылының Дүйсенбай Нысанбаев көшесі Қазақ ССР-нің халық ағарту ісінің үздігі Мақұлбек Рүстемовтың есімімен қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Жөлек ауылындағы Бабабек көшесімен қиылысқан аты жоқ көшеге Дүйсенбай Нысанбаевтың есімі берілсін.
Тармақ 3
3. Жөлек ауылындағы жаңа мешіт ғимараты орналасқан аты жоқ тұйық көшеге ауданның дамуына зор үлесін қосқан Қадырберген Құдайбергеновтың есімі берілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 11.02.2008 жылдан бастап пайда болған қарым қатынастарға тарайды.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырылсын.