О размерах пособий семьям, имеющим детей Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балалары бар отбасыларына берілетін жәрдемақы мөлшері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылың 22 шілдедегі № 1036 "Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің Уақытша ережелерін бекіту туралы" қаулысын орындауда 1999 жылдың 21 наурызындағы Қазақстан Республикасының "Балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы Ережені бекіту туралы" № 382 қаулысына сәйкес ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Балалары бар отбасыларына 1999 жылдың І-ІІІ тоқсанына жәрдемақы төмендегі мөлшерде анықталсын (егер отбасының айлық орта есеппен жан басына шаққандағы жиынтық табысы тиісті жылға зейнетақы, жәрдемақы және де басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген екі еселеген айлық есептік көрсеткіштен аспаса): - балалары бар отбасыларына бірыңғай жәрдемақы — 200 теңге; - 7 жасқа дейін 4 және одан да көп балалары бар жұмыс істемейтін көп балалы аналарға — 300 теңге; - кезекті әскери қызметін өтеушілердің балаларына — 200 теңге; - ЖИТС-пен ауыратын әйтпесе осы аурудың вирусы жүққан адамдардың балаларына — 500 теңге; - үйде тәрбиеленіп оқитын мүгедек балаларға — 500 теңге.
Тармақ 2
2. Балалары бар отбасыларына 1999 жылдың ІҮ тоқсанына жәрдемақы төмендегі мөлшерде анықталсын (егер отбасьшың айлық орта есеппен жан басына шаққандағы жиынтық табысы тиісті жылға зейнетақы, жәрдемақы және де басқа әлеуметтік толемдерді есептеу үшін республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген екі еселеген айлық есептік көрсеткіштен аспаса): - балалары бар отбасыларына бірыңғай жәрдемақы — 725 теңге; - 7 жасқа дейін 4 және одан да көп балалары бар көп балалы жұмыс істемейтін аналарға — 725 теңге; - кезекті әскери қызметін өтеушілердің балаларына — 725 теңге; - ЖИТС-пен ауыратын және осы аурудың вирусы жүққан адамдардың балаларына — 1000 теңге; - үйде тәрбиеленіп оқитын мүгедек балаларға — 1000 теңге;
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқарма бастығы (Киколенко О.А.) балалары бар отбасыларына жәрдемақы тағайындағанда анықталған мөлшерлерді басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құламбаевқа жүктелсін.