Об определении размера частичной компенсации затрат по оплате труда безработных, участвующих в оплачиваемых общественных работах Күшін жойған
Басқа 0
Ақылы қоғамдық жұмысқа қатысушы жұмыссыздарға төленетін еңбекақы шығынының ішінара өтемақы мөлшерін анықтау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 07.02.2000 № 26 шешімімен.
"Ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы 1242 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 маусымдағы 819 қаулысымен, "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар және кіші бағдарламалар тізбесін бекіту туралы "Қостанай облысы әкімінің 1998 жылғы 8 қазандағы 63 шешімімен ,"Облыс бюджетінің 1 жартыжылдықта орындалуының қорытындысы және Қостанай облысының 1999 жылға арналған облыстық бюджетіне өзгертулер енгізу туралы" Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 2 тамыздағы 188 шешімімен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды есепке ала отырып ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Ақылы қоғамдық жұмысқа қатысушы жұмыссыздарға төленетін еңбекақы шығынының облыстық бюджеттен берілетін ішінара өтем мөлшері нақтылы есептелген еңбекақының 50 процент шегінде, бірақ 5 еселі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болып анықталсын.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы (Киколенко О.А.) жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруда мемлекеттік тапсырысты орналастырғанда ақылы қоғамдық жұмысқа қатысушы жұмыссыздарға төленетін еңбекақы шығынының анықталған ішінара өтемақы мөлшерлерін басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.