О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, "О государственном предприятии" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Құрылтайшының (уәкілетті органның) мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын беруіне жол берілмейді.";
Тармақша 2
2) 40-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Қазыналық кәсіпорындар монополиялық жолмен өндіретін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) бағаларды көтеруге жол бермеу мақсатында оларды мемлекеттік реттеуді бағалар мен тарифтерді реттеу жөніндегі орталық атқарушы органмен келісе отырып уәкілетті орган жүргізеді.".