О присвоении наименований улицам населенных пунктов Тассайского сельского округа Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тассай ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35 - бабының 2–ші тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңы 14–бабының 4–тармақшасына және Тассай ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Тассай ауылдық округ әкімі: ШЕШІМ ЕТЕДІ: Тассай ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Тассай, Көкпекті селоларының көшелеріне атау берілсін.
Тармақ 1
1. Тассай елді мекеніне – Дөң, Ардагерлер, Тассай, Абай, Орталық, Тәуелсіздік, Наурыз, Қобланды батыр, Бейбітшілік, Әйтекеби, Достық, Есет Батыр атты көшелер. Осы көшелерге селодағы барлық үйлер жатқызылады.
Тармақ 2
2. Көкпекті елді мекеніне – Көкпекті және Желтоқсан атты көшелер. Осы көшелерге селодағы барлық үйлер жатқызылады.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет мекемесінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.