Об определении усредненного тарифа за проезд по маршрутам регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Аксу Қолданыста
Басқа 0
Ақсу қаласында жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдаулардың тұрақты қатынайтын бағыттары бойынша жол жүру бағасына орташаландырылған тарифті белгілеу туралы
Қазақстан Ресггубликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № 113-1 бүйрығымен бекітілген, Жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 101 бүйрығымен бекітілген, Түрақты қатынайтын қалааралық облыс ішіндегі, қалалық, қала маңындағы және елді мекендерді қосатын: аудандық немесе облыс орталығымен кенттер, ауылдар (селолар), республикалық маңыздағы қалалармен (астанамен) - жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдау тарифіне есеп әдістемесін басшылыққа ала отырып, Ақсу қаласында жолаушылар мен жүктерді түрақты қатынайтын тасымалдауларды үйымдастыру мақсатында, Ақсу қаласында түрақты қалалық және елді мекендерді қосатын маршруттар бойынша жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдаудың ұсынылатын қүнын анықтау жөніндегі комиссияның 2008 жылғы 12 желтоқсандағы ұсыныстарын қарай келе, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласында жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қатынайтын қалалық және ауылдық елді мекендерді қосатын бағыттар бойынша жол жүру бағасына үсынылып отырған өлшемді орташаландырылған тариф бір рет жүру құны бір адамға:
№№ 2, 3, 4, 4у, 5, 6, 7, 10, 11, Беловка, "ЕЭК" АҚ Өтпе жол" қаланың селитебтен тыс аймағында жиі қатынайтын қалалық бағыттарда 50 теңге мөлшерінде;
№ 1 әлеуметтік маныздағы жиі қатынайтын қалалық багытта 30 тенге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ақсу қаласының 2008 жылғы 6 тамыздағы "Ақсу қаласында жолаушылар мен жүкті автомобильмен тасымалдаулардың жиі қатынайтын бағыттары бойынша жол жүру бағасына орташаландырылған тарифті белгілеу туралы" № 554/3 қаулысының (нормативтік қүқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 27 тамызда № 12-2-93 тіркелген және "Ақжол -Новый путь" қалалық газетінде 2008 жылғы 4 қыркүйектегі № 34 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) жиырма күн ішінде Ақсу қаласында жолаушылар мен жүктерді қалалық автомобиль тасымалдаулары ұйымдарының тасымалдаушылармен келісімшарттарына тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) тұрақты қатынайтын бағыттарда жолаушылардың жол жүру қүнының өзгергендігі туралы, олар күшіне енгенге дейін он күннен кешіктірмей бүқаралық ақпарат қүралдары арқылы халықты хабардар етсін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне ақпарат ұсынсын.
Тармақ 4
4. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол ресми жарияланған сәттен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Стрельбаға жүктелсін.