О присвоении названия улиц населенным пунктам сельского округа "Дон". Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Дөң» ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Дөң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Дөң» ауылдық округінің келесі елді мекендерінің көшелеріне атаулар берілсін: «Дөң» ауылында – Бейбітшілік көшесі; «Оңғар ауылында - Б. Алдияров атындағы көше; - Ақжар көшесі; - Адыр көшесі; - Бұлақ көшесі.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.