Елді мекендерге көше атауын беру туралы Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Елді мекендерге көше атауын беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 16 бабына, сәйкес Кішіқұм ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кішіқұм ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) Шілікті ауылы бойынша: «Толағай», «Теректі», «Сартепсең», «Қоңыртөбе», «Сарөзек», «Жалаулы», «Достық», «Меңдікөл», «Мұрынқұм», «Сарбұлақ», «Бейбітшілік», «Теміржолшылар», «Шілікті» көшелері;
Тармақша 2
2) Қарашоқат станциясы бойынша: «Кішіқұм», «Жеңіс», «Теміржолшылар», «Достық» көшелері;
Тармақша 3
3) Ақеспе станциясы бойынша: «Отан» көшесі;
Тармақша 4
4) Шоқысу станциясы бойынша: «Теміржолшылар», «Толағай», «Сарбұлақ», «Жастар» көшелері.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми алғаш жариялағаннан кейін 10 күн тізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.