О мерах по финансовой поддержке субъектов малого предпринимательства на возвратной основе Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қайтарып беру негізінде қаржылық қолдау жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен. "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңын орындау үшін және "1999 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихатының ХIХ сессиясының 1998 жылғы 29 желтоқсандағы N 19/2 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" облыстық мәслихаттың ХХI сессиясының 1999 жылғы 13 мамырдағы N 21/6 шешiмiне сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. "Шағын бизнес субъектiлерiн облыстық бюджет қаражаттарынан кредиттеу тәртiбi мен шарттары туралы" Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстық бюджет қаражаттарынан кредиттеу үшін шағын бизнес субъектiлерiнiң жобаларын iрiктеу жөнiндегi конкурстық комиссияның құрамы бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. "Шағын бизнес субъектiлерiн облыстық бюджет қаражаттарынан кредиттеу тәртiбi мен шарттары туралы" Ереженi жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлдiк органдар болып шағын бизнестi қолдау жөнiндегi облыстық департамент, облыстық қаржы басқармасы, "Кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың Шығыс Қазақстан облыстық Орталығы" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны және облыстық екiншi деңгейдегi банктерi белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсiн.
Басқа 5. Шағын бизнес субъектiлерiн облыстық бюджет қаражаттарынан кредиттеудiң тәртiбi мен шарттары туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 1999 жылғы "04" қазандағы N 763 шешiмiне N 1 қосымша Шағын бизнес субъектiлерiн облыстық бюджет қаражаттарынан кредиттеудiң тәртiбi мен шарттары туралы Е Р Е Ж Е
Тармақ 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) негiзiнде әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Осы Ереже облыстық бюджетте "Жергiлiктi деңгейде шағын кәсіпкерлiктi қолдау" бюджеттiк сыныптау коды бойынша тиiстi жылға көзделген қаражаттарды пайдалану тәртiбiн және негiзгi шарттарын белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Ереженiң мақсаты мен мiндеттерi: Шығыс Қазақстан облысында шағын бизнестi дамытуды мемлекеттiк қолдау мен көтермелеу, шағын кәсіпкерлiктi дамытудың басымдық бағыттарын қамтамасыз ету, импортты ауыстыратын өндiрiс құру, шағын бизнес субъектiлерiнiң облыста әлеуметтiк-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға қатысуы, халықты жұмыспен қамту проблемасын шешу.
Тармақ 4
4. Кредиттеудiң көздерi тиiстi жылға бекiтiлген облыстық бюджет қаражаттары, екiншi деңгейдегi өкiлеттi банктiң (бұдан әрi- Банк) әрбiр кредиттiк шарт бойынша тең үлестерiмен өз қаражаттары болып табылады.
Тармақ 5
5. Бюджеттен қаражаттар облыс әкiмiнiң өкiмi бойынша қайтарып беру негiзiнде бөлiнедi және банкке пайызсыз депозит шотына орналастырылады.
Тармақ 6
6. Кредиттер алушылар шағын бизнестiң субъектiлерi болып табылатын заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылады.
Тармақ 7
7. Кредиттеуге ұсынылатын жобаларды iрiктеу конкурстық негiзде жүргiзiледi. Конкурсты өткiзу үшін облыстық өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдарының, "Кәсіпкерлiктi дамыту мен қолдаудың Шығыс Қазақстан облыстық Орталығы" мемлекеттiк коммуналдық кәсіпорны өкiлдерiнiң құрамында конкурстык комиссия құрылады. Комиссия:
Тармақша 1
1) конкурстар өткiзу мерзiмдерiн белгiлейдi;
Тармақша 2
2) жобаларды қарау мен iрiктеудi өткiзедi;
Тармақша 3
3) жобаларды кредиттеуге ұсынады. Басымдық бағыттар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) ауылшаруашылығы өнiмдерiн өңдеу;
Тармақша 2
2) тағам өнiмдерiн өндiру;
Тармақша 3
3) құрылыс және өңдеу материалдарын өндiру;
Тармақша 4
4) ғылыми кеңiстi өндiрiстi дамыту, жаңа технологияны енгiзу;
Тармақша 5
5) ыдыстар және орау материалдарын өндiру;
Тармақша 6
6) жиЅаздар және оларды дайындау үшін материалдар өндiру;
Тармақша 7
7) қызмет көрсету саласын және халықты тұрмыстық қамтуды дамыту.
Тармақ ii. II. ТАПСЫРЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖәНЕ ҚАРАУ ТәРТIБI
II. ТАПСЫРЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖәНЕ ҚАРАУ ТәРТIБI
Тармақ 1
1. Қарыз берушi тапсырыс пен құжаттарды кәсіпкерлiктi дамыту мен қолдаудың Шығыс Қазақстан облыстық Орталығына (бұдан әрi -Орталық) бередi.
Тармақ 2
2. Тiзбеге және құжаттарды ресiмдеуге талаптарды Банк, оның кредиттiк саясатына сәйкес, және кәсіпкерлiктi дамыту мен қолдаудың Орталығы қояды.
Тармақ 3
3. Орталық Банкпен бiрге жобаны экономикалық және заңдылық сараптауды жүргiзедi, қорытындысын комиссияға жiбередi (бизнес-жоспарды талдау, кәсіпорынмен танысу және басқалары).
Тармақ 4
4. Комиссияның және Банк өкiлiнiң отырысында берiлген құжаттар зерттеледi және оңды шешiлген жағдайда жоба кредиттеуге ұсынылады. Комиссия шешiмi ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер ол үшін комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан көпшiлiк дауыс берiлгенде қабылданды деп саналады.
Тармақ 5. Ш. КРЕДИТТЕУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТIБI
5. Кредиттеуге қабылданбаған жобалар бас тарту себептерiн хабарлаумен бiрге қайтарып беруге жатады. Ш. КРЕДИТТЕУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТIБI
Тармақ 1
1. Кредиттеу қаражаттар бөлу туралы облыс әкiмiнiң өкiмiне сәйкес және әкiм аппараты мен Банк арасында осы Ереженi және Қазақстан Республикасының жақтардың өзара мiндеттемелерi мен экономикалық жауапкершiлiгiн белгiлейтiн басқа да нормативтiк құқылық актiлерiн ескерiп жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бюджеттiк қаражаттарды депозиттiк шотта орналастыру үшін қажеттi шарт Банктiң оларды қайтарып беру жөнiнде кепiлдiктер беруi болып табылады.
Тармақ 3
3. Банк Заемщиктерге кредиттер берудi Банк пен Заемщик арасында жасалған шарт негiзiнде жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Кредит алу үшін Заемщик Банкке кредиттi қайтарып беру жөнiнде өз мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ететiн құжаттарды: кепiлдiктер, мүлiктiк кепiлдеме бередi.
Тармақ 5
5. Заемщик кредиттiк қаражаттарды жалақы жөнiндегi берешектердi, бюджетке және бюджеттiк емес қорға төлемдердi өтеу үшін пайдалана алмайды.
Тармақ 6
6. Кредиттiк қаражаттар Заемщикке 1 жылдан 3 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.
Тармақ 7
7. Заемщикке қаражаттар сыйлық ставкасымен қоса Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң керi қаржыландыру ставкасының жартысынан асырмай берiледi. Бюджет қаражаттары пайыссыз негiзде берiледi.
Тармақ 8
8. Жоба бойынша кредиттiк соманын ең көп мөлшерi бес миллион теңге құрайды.
Тармақ 9
9. Банк қайтарып беретiн қаражаттар облыстық бюджетке тиiстi бюджеттiк сыныптау коды бойынша Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi бекiткен сыныптауға сәйкес қосылады.
Тармақ iv. IV. КРЕДИТТI МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ҮШIН БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
IV. КРЕДИТТI МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ҮШIН БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
Тармақ 1
1. Заемщиктерге берiлген қаражаттарды мақсатты пайдалану үшін бақылау жасауды Банк, қалалар мен аудандардың әкiмдерi жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Бюджеттiк қаражаттарды мақсатты пайдалану және дер кезiнде қайтарып беру үшін бақылау жасауды облыстық қаржы басқармасы жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы және Банк қаржыландырудың, пайдаланудың, өтеудiң және кредиттi қамтудың барысы, сондай-ақ кредиттiк шарттардың жағдайларын бұзушылық туралы ақпаратты шағын бизнестi қолдау департаментiне ай сайын бередi. Шығыс Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы Т.ИБРАЕВ
Басқа 43. Облыстық бюджеттiк қаражаттарынан кредиттеу үшін шағын бизнес субъектiлерiнiң жобаларын iрiктеу жөнiндегi конкурстық комиссияның
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 1999 жылғы " 04 " қазандағы N 763 шешiмiне N 2 қосымша Облыстық бюджеттiк қаражаттарынан кредиттеу үшін шағын бизнес субъектiлерiнiң жобаларын iрiктеу жөнiндегi конкурстық комиссияның Қ Ұ Р А М Ы Шығыс Қазақстан облысы аппаратының басшысы Т.ИБРАЕВ