О присвоении наименований улицам населенных пунктов аульного округа Байнассай Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Байнассай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Байнассай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақмоласай ауылында - Әлия Молдағұлова, Ахмет Жұбанов, Қобланды батыр атты көше атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Горноводск ауылында - Махамбет Утемісұлы, Қызыл көл атты көше атаулары берілсін.
Тармақ 3
3. 13 жылдық Қазақстан ауылында - Қуандық, Еңбекші, Жаңа Дәуір, Достық атты көше атаулары берілсін.
Тармақ 4
4. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.