О присвоении наименований улицам населенных пунктов аульного округа "Аккудык" Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Аққұдық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Аққұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Достық ауылында Бауыржан Момышұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұстафа Шоқай, Қобланды Батыр, Құмшохат атты көше атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Жаңажол ауылында Ыбрай Алтынсарин атты көше атаулары берілсін.
Тармақ 3
3. Первомайка ауылында Исатай Тайманов атты көше атаулары берілсін.
Тармақ 4
4. Қарабұлақ елді мекеніне Желтоқсан атты көше атаулары берілсін.
Тармақ 5
5. Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен өткен соң қолданысқа енгізіледі.