О снятии ограничительных мероприятий в Достыкском сельском округе по бруцеллёзу крупного рогатого скота Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Достық селолық округінде ірі қара мал бруцеллезі бойынша шектеушілік іс-шараларды алу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 14 қарашадағы "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" № 369 бұйрығына жэне Ақсу қаласы экімдігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы "Достық селолық округінде ірі қара мал бруцеллезінің пайда болу жагдайы бойынша шектеушілік іс-шараларды белгілеу туралы" № 1025/9 қаулысына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторының 2008 жылғы 3 қарашадағы Достық селолық округінде бруцеллез ошағын жою жөніндегі ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар кешенін орындау және Достық селолық округінде шектеушілік іс-шараларды алу туралы № 1-10/298 ұсынымын қарап, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы "Достық селолық округінде ірі қара мал бруцеллезінің пайда болу жағдайы бойынша шектеушілік іс-шараларды белгілеу туралы" № 1025/9 қаулысымен белгіленген (нормативтік құқықтық актілер Мемлекеттік тіркеу тізілімде 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 12-2-80 тіркелген және 2008 жылғы 24 қаңтардагы "Ақжол-Новый путь" № 5 қалалық газетінде жарияланган) Достық селолық округінде ірі қара мал бруцеллезінің пайда болу жағдайы бойынша шектеушілік іс-шаралар алынсын.
Тармақ 2
2. Нормативтік құқықтық актілер Мемлекеттік тіркеу тізілімде 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 12-2-80 тіркелген және 2008 жылғы 24 қаңтардағы "Ақжол-Новый путь" № 5 қалалық газетінде жарияланған Ақсу қаласы әкімдігінің 2007 жылгы 12 желтоқсандагы "Достық селолық округінде ірі қара ма бруцеллезінің пайда болу жағдайы бойынша шектеушілік іс-шараларды белгілеу туралы" № 1025/9 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол ресми жарияланған сәттен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Ақсу қаласы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау "Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. М. Сералиновке жүктелсін.