Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 16, 17-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Т.Айдаров - келісім бойынша) аудандағы 1992 жылы туылған азаматтарды 2009 жылғы қаңтар - наурыз айлары аралығында шақыру учаскелеріне тіркеуге алу жұмыстарын сапалы жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу бойынша аудандық комиссиясының құрамы бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 3
3. Ауылдық округ және поселке әкімдері міндетті түрде:
Тармақша 1
1) шақырылуға жататын азаматтарды хабардар ету, оларды кестеге сәйкес шақыру учаскесіне жинауды ұйымдастырып, өз өкілімен бірге келуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақырылуға жататын жастардың тізімін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министірлігі белгілеген мерзімде және үлгі бойынша тапсырсын.
Тармақ 4
4. Меншік нысанына қарамастан ұйымдардың басшыларына азаматтардың негізгі жұмыс орындары бойынша жалақысын сақтай отырып, шакырушыларды әскери есепке алуға байланысты жұмыстарынан (оқуларынан) босату ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық медицина бірлестігіне (А.Ақшалов — келісім бойынша) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне маман-дәрігерлер бөлінуін ұйымдастырып, қажетті дәрілер мен дәрігерлік құралдар бөлінуін қамтамасыз ету, жастарды тіркеу барысында дәрігерлік, куәландырудың сапалылығына бақылау ұйымдастырып, шақырылуға жататын азаматтардың дер кезінде тексерілуін және емделуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі (М.Сүтімбетов) азаматтардың дене шынықтыру деңгейін тексеру және спорттық көпшілік жұмысы жағдайын зерттеуді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөліміне (С.Қасымбеков - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1992 жылы туылған, тұрмыс жағдайы төмен, есірткі заттарына, ішімдікке жақын, қылмыстық іске араласқан азаматтар туралы ақпарат жіберу;
Тармақша 2
2) шақыру пунктінде азаматтарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің баптарын түсіндіріп, қылмыстың алдын алу үшін кездесулер ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) шақыру пунктінде қоғамдық тәртіп сақтауды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) тіркеуге келмей жүрген жастарды анықтап, міндетті түрде шақыру пунктіне келулерін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Аудандық статистика бөлімі (Б.Қайырбеков - келісім бойынша) және салық басқармасы (Б.Молдабеков - келісім бойынша) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұрауы бойынша, белгіленген уақытта және кестеге сәйкес аудандық кәсіпорындар, мекемелер, оқу орындары, кіші және шағын кәсіпорындар тізімінің берілуі ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Шақырылушыларды сапалы түрде әскери мамандықтар бойынша бөлу үшін кәсіби психологиялық іріктеу тобы құрылсын (2- қосымша).
Тармақ 10
10. Аудан әкімінің орынбасары Б.Көлбаев тіркеу жұмыстарын сапалы ұйымдастыру үшін уақытылы қаржыландыруды аудандық бюджет есебінен бөлінген қаржылардың шегінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Пралиевке жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі «КЕЛІСІЛДІ» Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Айдаров Талғат Абдуалыұлы «18» желтоқсан 2008 жыл Аудандық медицина бірлестігінің бастығы Ақшалов Алмас Балтабайұлы «18» желтоқсан 2008 жыл Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қасымбеков Сәрсен Ақбердіұлы «18» желтоқсан 2008 жыл Аудандық статистика бөлімінің бастығы Қайырбеков Бақытжан Жұматұлы «18» желтоқсан 2008 жыл Аудандық салық басқармасының бастығы Молдабеков Байдусен Бекбайұлы «18» желтоқсан 2008 жыл
Басқа 0. Комиссия мүшелері
Түлкібас ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы №559 қаулысына 1 - қосымша Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу бойынша аудандық комиссияның құрамы Айдаров Талғат Абдуалыұлы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Көлбаев Мәулен Андақұлұлы -аудандық ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері Қожабеков Мәлік Амангелдіұлы -аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Молдахметов Ержан Кұттыбекұлы -аудандық емхананың дәрігері (келісім бойынша) Қазтуғанова Венера Алдабергенқызы -аудандық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 1
Түлкібас ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы №559 қаулысына 2 - қосымша Кәсіби психологиялық іріктеу тобының құрамы Асанов Бауыржан Махсұтханұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бөлімше бастығы, топ басшысы (келісім бойынша) Аббасов Мұстафа Аббасұлы - аудандық аурухананың бас дәрігері, невропатолог, топ мүшесі (келісім бойынша) Байтилеуова Зина Бекболатқызы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің психологі, топ мүшесі (келісім бойынша)