О мерах по созданию депозитария финансовой отчетности Қолданыста
Басқа 0
Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы
"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийі
құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан
туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай
толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 475 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 254-құжат):
2-тармақтың 2) тармақшасындағы "жүзеге асыру" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийін өткізу қызметін жүзеге асыру";
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 22, 205-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы".
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1114 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 525-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.