Майқарағай селолық округінен ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді алу туралы Қолданыста
Басқа 0
Майқарағай селолық округінен ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасына 2002 жылғы 10 маусымдағы «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 10 тармақшасына, ауыл шаруашылық малдардың сарып ауруының алдын алу және жою жөніндегі Ереже негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Лебяжі ауданының Майқарағай селолық округінде ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу алынсын.
Тармақ 2
2. Нормативтік – құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде 2007 жылғы 29 қарашадағы № 12-9-49 болып тіркелген, 2007 жылғы 15 желтоқсандағы аудандық «Аққу үні» №53 (7237) газетінде жарияланған аудан әкімдігінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 226/11 «Майқарағай селолық округінде ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді салу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Дубовицкийге жүктелсін.
Келісілді:
Лебяжі ауданының бас
мемлекеттік ветеринарлық
инспекторы
«10» қараша 2008 жыл
Е.А. Әлімғазин