О снятии ограничений по бруцеллезу крупного рогатого скота в Олентинском сельском округе Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өлеңті ауылдық округінде ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеулерді алып тастау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мЕмлекеттік басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2002 жылғы 14 қарашадағы «Ветеринария саласындағы нормативтік-кұқықтық актілерді бекіту туралы» № 639, 2002 жылғы 14 қарашадағы «Жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы» № 367 бұйрықтарына сәйкес және Екібастұз қаласының мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторының , 2008 жылғы 11 қарашадағы ұсынысы негізінде, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өлеңті ауылдық округінде ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеулер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2007 жылдың 15 қарашасындағы «Өлеңті ауылдық округінде мүйізді ірі қара малдарға жаппай бруцеллез таратуға байланысты шектеулер қою туралы» (нормативті құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 12-3-114 нөмірімен тіркелген, «Отарқа» және «Вести Екибастуза» газеттерінде 2007 жылдың 13 желтоқсанында 50 нөмірде жарияланған) № 637/9 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.М.Күлжанға жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: Казақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясының бастығы С. Баймағанбетова 2008 жылгы «24» қараша