Жалағаш ауданы бойынша салық салу объектілерінен айына алынатын тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
ҚАЗЖалағаш ауданы бойынша салық салу объектілерінен айына алынатын тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жалағаш ауданы бойынша салық салу объектілерінен айына алынатын тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Жалағаш ауданы бойынша салық салу объектілерінен айына алынатын тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13-7
- Қабылданған күні
- 24.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2009 · қолданыстағы AI43019_0.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08LF000112
- ЭКБ идентификаторы
- 43019
- Редакция идентификаторы
- AI43019_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:14
0 Жалағаш ауданы бойынша салық салу объектілерінен айына алынатын тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабына сәйкес және Жалағаш ауданы бойынша Салық басқармасы ұсынған деректер негізінде, Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Жалағаш ауданы бойынша салық салу объектілерінен айына алынатын тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Аудандық мәслихаттың төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1 1) "Аудан бойынша сыртқы (көрнекті) жарнама объектілерін елді
мекендерде орналастырғаны үшін төленетін төлемақы мөлшерін бекіту
туралы" аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 4-7 шешімі
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-80 санымен тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2008 жылғы 12 қаңтардағы N 4-5 санында жарияланған);
2
2) "Аудан бойынша жер салығының белгіленген базалық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 4-9 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-82 санымен тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2008 жылғы 12 қаңтардағы N 4-5 санында жарияланған);
3
3) "Жалағаш ауданы бойынша салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 4-10 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-83 санымен тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2008 жылғы 12 қаңтардағы N 4-5 санында жарияланған).
3 Жалағаш ауданы бойынша салық салу объектілерінен айына алынатын тіркелген салық ставкаларының МӨЛШЕРІ
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
ХІІІ-сессиясының төрағасы Б. Пирмаханов
Аудандық мәслихат хатшысы К. Сүлейменов
2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 13-7
аудандық мәслихаттың шешіміне
қосымша
Жалағаш ауданы бойынша салық салу объектілерінен айына алынатын тіркелген салық ставкаларының МӨЛШЕРІ
N
Салық салу объектісінің атау
Тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш-АЕК)
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы
1 АЕК
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы
1 АЕК
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер
1 АЕК
4.
Ойын жолы (боулинг (кегельбан)
5 АЕК
5.
Карт (картинг)
2 АЕК
6.
Бильярд үстелі
3 АЕК