О вопросах Министерства юстиции Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар құрылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы қаласының Әділет департаменті Алатау ауданының әділет басқармасы (бұдан әрі - 1-мекеме);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мемлекеттік мекемесі - Алматы қаласы Алатау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - 2-мекеме);
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) 1-мекеменің ережесін және 2-мекеменің жарғысын бекітуді және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 221-жолмен толықтырылсын: "221. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы қаласының Әділет департаменті Алатау ауданының әділет басқармасы";
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі : "Мемлекеттік мекемелер" 2-бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-1 жолмен толықтырылсын: "27-1. Алматы қаласы Алатау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі".
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.