О некоторых вопросах государственной собственности Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Таразкоммуналкөлік" және "Қалпына келтірілген бекітпе бұйымдар зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріндегі мемлекеттік қатысу үлестері республикалық меншіктен Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының коммуналдық меншігіне берілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 2-тармағынан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1403 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 51, 650-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада :
"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жолда:
2-бағандағы "Гараж, 1975 жылы салынған, 184,5 ш.м." деген сөздер "Гараж, жалпы алаңы 149,5 ш.м." деген сөздермен ауыстырылсын;
3-бағандағы "Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Жұмысшы көшесі 17" деген сөздер "Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 161" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 4, 5-жолдар алынып тасталсын;
"Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлім алынып тасталсын;
"Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
реттік нөмірі 17-жол алынып тасталсын;
"Сарыарқа" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлім алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулыға 3-қосымшада :
"Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағанындағы "3,46" деген сандар "5,0327" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) көрсетілген қаулыға 5-қосымшада :
"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын;
"Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 10, 11, 12-жолдар алынып тасталсын;
"Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 16, 17-жолдар алынып тасталсын:
"Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 22, 24-жолдар алынып тасталсын;
Тармақша 4
4) көрсетілген қаулыға 6-қосымшада :
"Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
4-тармақ алынып тасталсын:
"Сарыарқа" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлім алынып тасталсын;
Тармақша 5
5) көрсетілген қаулыға 7-қосымшада :
"Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
реттік нөмірі 6-1-жолдың 2-бағанындағы "АҚ" деген аббревиатура "ЖШС" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
"Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 9, 10, 14, 16, 18, 24-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-1-жолмен толықтырылсын:
"25-1 "Қашыр ауданының Песчанский асыл тұқымды мал өсіру орталығы" ЖШС 63";
"Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 36, 37-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 38-жолдың 2-бағанындағы "Алматы қ." деген сөздер "Алматы облысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
реттік нөмірі 46-жолдың 3-бағанындағы "19,7" деген сандар "19,621" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 47, 51, 66-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 60-жолдың 2-бағанындағы "АҚ" деген аббревиатура "ЖШС" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
"Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
реттік нөмірі 74-жолдың 3-бағанындағы "48,71" деген сандар "26,02" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 76-жолдың 3-бағанындағы "90" деген сандар "95,33" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 78-жолдың 3-бағанындағы "23,07" деген сандар "12,33" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 79-жол алынып тасталсын;
Тармақша 6
6) көрсетілген қаулыға 8-қосымшада :
"Сарыарқа" ӘКК" ҰК" АҚ" деген бөлімде:
125, 126, 127, 128, 131, 132, 133-тармақтар алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.