«О присвоении названии улицам населенных пунктов Богетсайского сельского округа» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бөгетсай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына, сондай-ақ, Бөгетсай ауылдық округіне қарайтын елді-мекендер тұрғындарының пікірін ескере отырып, Бөгетсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Талдыбұлақ елді мекендегі № 1 атауы жоқ көшесіне – «Ш. Уалиханов» деген атау берілсін.
Тармақ 2
2. Талдыбұлақ елді мекендегі № 2 атауы жоқ көшесіне – «Ы. Алтынсарин» деген атау берілсін.
Тармақ 3
3. Карлау елді мекендегі № 1 атауы жоқ көшесіне – «Бейбітшілік» деген атау берілсін.
Тармақ 4
4. Карлау елді мекендегі № 2 атауы жоқ көшесіне – «Абай» деген атау берілсін.
Тармақ 5
5. Шіліктісай елді мекендегі № 1 атауы жоқ көшесіне – «Ж. Жабаев» деген атау берілсін.
Тармақ 6
6. Шіліктісай елді мекендегі № 2 атауы жоқ көшесіне – «Желтоқсан» деген атау берілсін.
Тармақ 7
7. Шіліктісай елді мекендегі № 3 атауы жоқ көшесіне – «Тәуелсіздік» деген атау берілсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.