Құжат мәтініне өту

Об утверждении "Инструкции выплаты социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах"

Нұсқаулық · № 14-10-IV · қабылданған 23.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-43103/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении "Инструкции выплаты социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах" Күшін жойған Нұсқаулық ·№ 14-10-IV ·23.12.2008
23.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении "Инструкции выплаты социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах"

Күшін жойған Нұсқаулық ·№ 14-10-IV · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении "Инструкции выплаты социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах"
Атауы (қаз.)
"Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмек төлеудің нұсқаулығын" бекіту туралы
Акт түрі
Нұсқаулық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14-10-IV
Қабылданған күні
23.12.2008
Көрсетілген редакция
23.11.2012 AI43103_8.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08VH000071
ЭКБ идентификаторы
43103
Редакция идентификаторы
AI43103_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:17

0 "Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмек төлеудің нұсқаулығын" бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексін басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. «Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмек төлеудің нұсқаулығы» (қосымша берілген) бекітілсін.

2

2. Бородулиха аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 26-8 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің мамандарына отын сатып алу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2007 жылы 24 қаңтарда № 5-8-38 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 5(6259)санына жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмек төлеудің НҰСҚАУЛЫҒЫ

Бородулиха аудандық мәслихатының
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 14-10-IV шешімімен бекітілген
Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс
істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру білім беру, мәдениет және спорт
мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып
алуға арналған әлеуметтік көмек төлеудің
НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жалпы ережелер

1

1. Осы нұсқаулық жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарының отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмекті төлеуді, сондай-ақ шығындарын өтеуді реттейді.

2

2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңы осы актіні қабылдау үшін құқықтық негіз болып табылады.

2 2. Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

3

3. 45100400332 «Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарының отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасының әкімгері ретінде «Бородулиха ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.

3 3. Әлеуметтік төлемді тағайындау

4 4. Әлеуметтік төлемдер селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына жылына бір рет ақшалай нысанда беріледі.

5 5. Әлеуметтік көмектен үміткер адам «Бородулиха ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:

1 1) Осы мекеменің мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы ШҚО Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығының атына ұйымнан өтініш;

2 2) Ұйым басшысы және тұрғылықты жерін куәландыратын селолық округ әкімі бекіткен әлеуметтік көмек алуға құқығы бар мамандардың тізімі.

6 6. Егер әртүрлі елді мекендерде тұратын мамандардың тізімін тапсырған жағдайда тұрғылықты жері сол селолық әкімдіктердің анықтамаларымен куәландырады.

7 7. Осы нұсқаулық ықпал ететін екі және одан да көп адам бірге тұрса отын алуға арналған әлеуметтік көмек олардың әрқайсысына беріледі.

8 8. Осы әлеуметтік көмек еңбекақысы сақталмайтын қосымша демалысты жүрген мамандарға, 3 жасқа дейінгі баласы бар аналарға да қолданылады.

4 4. Өтемақы төлеуді қаржыландыру

9

9. Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмектің шығындарын қаржыландыру № 004 «Селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарының отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

5 5. Төлемді іске асырудың көлемі

10 10. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бір маманға жылына 7200 (Жеті мың екі жүз) теңге мөлшеріндегі есеппен тізімді жасап тапсырады және отын сатып алу үшін ақшалай қаражатты өтініш берушінің жеке шотына аударады.

6 6. Есепке алуды, бақылау жасауды, есеп беруді жүргізу

11 11. Бір жолғы ақшалай төлемді төлеу бойынша есепке алу, бақылау жасау және есеп беру ШҚО Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүктеледі.

12 12. ШҚО Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі төлем төлеу аяқталғаннан кейін төленген сомалар бойынша екінші дәрежедегі банкпен салыстыру актісін жасайды.

Қолданыстағы